Амин қышқылы

Oinet.kz 26-05-2020 649

Витамин (вита + амин) «өмірлік қа­жетті амин» дегенді білдіреді. Бұл ұғымды бұдан бір ғасыр бұрын (1902 ж) поляк химигі Каземир Функ енгізген. Бүгінде витамин деп аталатын 13 түрлі зат бар. Олар майда еритін (А, Д, Е, К) және суда еритін (С мен В тобының витаминдері) болып бөлінеді. Осының ішінде Д, К және В3 дәрумендерін адам ағзасы өзі түзеді, қалғандары ағзаға азық арқылы түседі. А дәрумені көз бен бауырды қорғайды, жарақаттарды жазады. Ал, В тобының дәрумендері зат алмасуына атсалысады, жүйке жүйесінің жұмысын реттейді. С дәрумені ағзаның инфекцияға төзімділігін арттырады. Д дәрумені сүйектерді нығайтады. Е витамині – қартаюды тежейді. Адам ағзасының С дәруменіне сұранысын қанағаттандыру үшін күніне 5-6 түйір балғын көкөністер жеу қажет. Сонымен қатар, басқа да қажетті дәрумендер адам ағзасында күнделікті жеткілікті мөлшерде болғаны дұрыс. Адам кейде өзінің білместігінен немесе зиянды әдеттерінің кесірінен витаминдерден айырылады. Мысалы,  аспиринді көп ішсе, ағзадан С дәрумені көп жойылады. Темекі шегу А, С, Р дәрумендерін, ішімдік А дәрумені  мен В тобының дәрумендерін келмеске кетіреді. Тоңазытқышта үш күн тұрған көкөністер дәрумендердің тең жартысына жуығынан айырылады. Сондай-ақ, жабайы жемістерден гөрі қолда өсірілген жемістерде дәрумен аз болады.

Урок №2 Аминқышқылдары - Химия - 11 класс

Арнайы қорғаныштық қабатта шығарылған дәріханалық поливитаминдердегі пайдалы заттар 2-ден 7 жылға дейін өз қасиеттерін сақтай алады. Дәріхана сөресіндегі дәрумендерге қала тұрғындары көбірек жүгінеді. Қалада тұратын адамдарда ультракүлгін сәуле арқылы түзілетін Д дәрумені аз, себебі қала ауасы лас. Сондықтан, қалалықтар ағзаны Д витаминімен қамтамасыз ету жайын әрдайым қаперде ұстағандары абзал. Жалпы, өмірге аса қажетті бұл аминдерді әрдайым назардан тыс қалдырмай, олармен ағзаны қажетті деңгейде қамтамасыз етіп жүру керектігін ұмытпаған жөн.

Денедегі жылудың 80 пайызы бастан шығады
Зиянды әдеттер жүрек ауруына шалдықтырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу