Балалар жарақаттанса...

Oinet.kz 04-06-2020 927

Жарақаттану — соққы алу немесе құлағаннан терінің бүтін қалғанымен де, мүшелер мен тіндердің зақымдалуы. Жарақаттанудың жеңіл және ауыр түрі болады. Жеңіл жарақаттану – қатты ауырмайды және көгермеуі де мүмкін. Мұндай жарақат алғанда тез жазылады және дәрігер де қажет емес. Ал жарақат ауыр болса, бүйрек, бауыр және басқа мүшелер де зақым алуы мүмкін. 

baladagy-jarakat.jpg

Әсіресе мидың зақымдалуы қауіпті. Сақтық тудыратын қауіпті белгілер - ұйқысырау, тәбеттің болмауы, жүректің айнуы, бастың ауыруы. Мұндай жағдайда бастың қатты ауыруы, тіпті есіңді жоғалтуың мүмкін. 2-3 жастағы белсенді жүгіріп, секіретін балалар алаңдарда төбешік, әткеншек пен басқа құрылымдардан жиі құлап жатады. Әдетте олар сындыру, іш пен бастың жарақат алуына қауіпті 1-3 метрлі биіктік. Көп таралған жарақаттардың бірі – ерінді зақымдау. Байқамай құлап немесе соққы алудың нәтижесінде қанды ісік пайда болып, ерін ісіп, ауырып қанайды. Егер жарақат қауіпті болса, міндетті түрде дәрігер шақыру қажет.

Жәндіктердің шағуы. Біздің айналамызда мыңдаған жәндіктер бар. Олардың көбінің адамдарға зияны жоқ, дегенмен жағымсыздық тудыратындары да бар. Жәндіктер (сона, ара) шаққанда зақымдалған жерге жәндіктің бізгегі арқылы у түсіп, қанмен барлық ағзаға тарайды. Егер адамды сона немесе ара шақса, шағып алған жер қатты ауырып, қызарып және ісінеді Сонаның тосап, бал немесе компот бар банкіге түсіп, қарбыз немесе қауынның тіліміне қонып алуы мүмкін. Егер оны байқамай қалса, ол ауызға кіріп, міндетті түрде шағып алады. Бастан, тіл мен еріннен шаққан қауіпті. 

Теледидар. Теледидардың құлауынан 3-4 жастағы балалардың жарақаттануы жиілеп кеткен. 4 жасқа дейінгі балалар құлап келе жатқан теледидардан қашып үлгермейтіндіктен, соққы басына тиеді. Үлкейе келе олар одан шетке қашқанда, көбінесе аяқтарын жарақаттайды. Жарақат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балалардың жатын бөлмесінен теледидар, бейнеойындарды алып тастау қажет.

Кіретін, кесетін құралдардан жарақаттану

Көбінесе көзді зақымдау кездеседі. Мұндай зақымның салдарынан көздің бүтіндігі ғана емес, қызмет ету мүмкіндігі де бұзылады. Көз алмасының жарақатының белгілері бойынша бөлуге болатын бірнеше түрі бар:

1. Бөгде заттардың (ұсақ заттар, жәндіктер, химиялық заттардың) көзге түсуі. Мұндай жағдайда пациенттің көзі жасаурап, көзін жұмғанда түйіліп ауырады.

2. Сыртқы механикалық әсерлерден (шайқалу, басу, үшкір және өткір құралдардың әсері, оқ тиген немесе басқа да жаралар). Буға, жалынсыз от пен ыстық затқа, отқа күю.

3. Үсу. Аталған жағдайда көз күйгеннен басқа өте төмен температураның да әсеріне шалдығады (суық сұйықтық, желдің әсері, көздің салқын затпен байланысы).

4. Химиялық күю. Түрлі химиялық заттармен, көбінесе сілті мен қышқылдармен байланысқанда туындайды, сонымен қатар желім, әк, цемент пен еріткіштерді пайдаланғанда көздің жарақат алуы мүмкін.

5. Көзге ультракүлгін сәуленің әсер етуі (көздің бұлай зақымдалуы күннің астында көп жүргеннен, сондай-ақ жасанды жарық көзінен, оның ішінде кварц немесе қарапайым шамнан да болуы мүмкін).

Көбінесе көздің зақымдалуы тұрмыстық жағдайда орын алады, мұндай жағдайда зардап шеккен адамға жедел көмек көрсету қажет.

Қалай көмектесу керек?

Көзге химиялық заттар түскен жағдайда дәрігералды көмек көрсетуге ағып тұрған салқын суға 10-15 минут бойы көзді жуу қажеттілігі жатады, бірақ бұл тек алғашқы көмек шаралары, бұдан кейін жедел кәсіби көмек көрсететін дәрігерді шақыру қажет.

1. Күю

- тамақты пештің артқы көзіне дайындауға тырысыңыз немесе таба/шөміштің құлағын іш жағына айналдырып қойыңыз және ұзын дастарқан салынған үстелге ыстық тағамды қоймаңыз;

- тез жанатын сұйықтықтарды, сіріңкелерді, майшамдарды, оттықтарды, бенгал отын, петардтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз және балаларды алаудың, жанып тұрған майшамның, жарылып жатқан петардтан аулақ ұстаңыз;

- баланы шомылдырар алдында судың температурасын міндеттті түрде тексеріңіз; - баланы күннің көзінен, күн мен жылуд тиюден қорғаңыз.

2. Биіктен құлау (5 жасқа дейінгі балалардың 20%-ы зардап шегеді)

- ашық терезе мен балкондарға балалар шыға алмауы қажет: сенімді қоршау, тор жасаңыз (масаға қарсы тор жалған қауіпсіздік сезімін тудырады), жақын жерге орындықтарды қоймаңыз, баспалдақтың жанына да қорғаныс орнату қажет; - баспалдақ аралығы, шатыр, гараж, құрылыс және т.б. қауіпті жерлерге балалардың «шығуына» рұқсат бермеңіз.

Тоқтан жарақат алу. Тағы бір көзге көрінбейтін қауіп әр үйде жасырын. Бұл қауіп-қатер — тоқ соғу немесе тоқтан жарақат алу. Егер тоқ аз және қысқа соқса, адам қатты және жағымсыз ғана ауруды сезінеді. Егер тоқ қатты соқса, онда тоқ сымы тиген адамның терісі қызарып, сезбей қалады және тіпті қатты күйіп қалуыда мүмкін. Тоқ соққанда бүкіл ағза зардап шегеді. Бірінші кезекте — жүйке жүйесі, сондай-ақ жүрек пен тамырлар. Тоқтан қатты жарақат алу адамның өліміне әкелуі мүмкін. Бұзылған тоқтың сымынан, жасалмаған электр құралдарынан (тоңазытқыш, кір жуғыш мәшине, магнитофон, үстел шамы), бағанадан салбырап тұрған жұлынған электр сымынан тоқ соғуы мүмкін. Соңғы уақытта резеткеде қалған ұялы телефонды қуаттаушыға күйген оқиғалар жиілеп кетті.

Ересектердің назаралары үшін маңызды- балаларға қауіпсіз өмір салтын көрсетіп, барлық жағдайларда өзін-өзі дұрыс ұстану керек. 

М.Шалмуханбетов, Шымкент қалалық  №1 емханасының хирург дәрігері 

Кең тыныс алыңыз! Демікпеге жоқ деңіз!
Дерт дендемесін десеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу