Құтырудың қаупі қандай?

Oinet.kz 04-06-2020 1296

Құтыру – жанасу механизмімен берілетін жасырын кезеңнің ұзақтығымен,орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен тек өлімге соқтырумен сипатталатын зоонозды,табиғи ошақтық және антропургиялық вирусты жұқпалы ауру. Аса қауіпті вирустық жұқпалы ауру,табиғатта негізінен ит тұқымдас жануарлардың арасында жиі таралған. Құтыру ауруының вирусы табиғатта жабайы хайуандар (түлкі,қасқыр,қарсақ т.б.),сонымен қатар үй жануарлары (ит,мысық,сиыр,қой,жылқы, түйе т.б) ағзаларында айналымда жүріп, сақталады және ауырған жануарлардың сілекейлерінен ауру қоздырғыштары бөлінеді.

image.png

Құтыру қоздырғышын алғаш рет 1880 жылы француз ғалымы Л.Пастер зерттеп, сол ауруға вакцина ашқан. Морфология: Құтыру қоздырғышы таяқша тәріздес, оның бір шеті жалпақ, ал бір шеті жағы созылыңқы, мөлшері100-150 микронға тең. Зақымдалған торшалар цитоплазмасында Бабеш-Негри денешіктері түзіледі.(1892 жылы Бабеш және 1903 жылы Негри бірінші болып ашқан). Вибрионы бір капсидтен қоршалған бір жіпшелі РНҚ-дан тұрады. Капсид тікеншелері бар.

Табиғаттағы ошағы - ауру таратушылар барлық жылықанды жануарлар: ет коректі аңдар (қасқыр,түлкі), үй жануарларынан (ит,мысық,сиыр) тарайды. Құтыру ауруымен ауырған жануарлардың клиникалық белгілері ; құтыру ауруымен ауырған иттер егелерінің шақыртуына амалсыздан қарайды, тамақ ішуді қояды, өтіп бара жатқан адамдарды тістеп алуы мүмкін. Жылқылар, мүйізді ірі арқалар құтырған кезде жануарларға және адамдарға шабуыл жасайды. Адамды кез келген жануар тістеп немесе сілекейлеген жағдайда тез арада жергілікті жердегі дәрігерге көрінуі қажет. 

Клиникалық белгілері: құтыру ауру жолмен ауру жануарлардан (тістеген кезде) немесе ауру жануарлардың сілекейі терінің зақымдалған жеріне түскенде беріледі.Қоздырғыштың жасырын кезеңі ағзаға ену түріне және ұлпа зақымдануының сипатына байланысты болады.(15-45 кун,3-6 ай, 12 куннен -1 жылға дейін).Вирус енген жерінен тамырлары арқылы орталық жүйке жүйесіне түседі.Вирустың көп мөлшері сопақша ми мен жұлының бөлігінде шоғырланады.Жүйке жүйесінің зақымдалу нәтижесінде жоғарғы рефлекторлық қозу басталады.Құтыру,әсіресе жұтыну және тыныс алу жолдарын бұлшық еттерінің құрысуы, 6-7 күнде адам өледі.

Сол себептен өзіңізді немесе балаларыңызды жануарлар жарақаттап, тістеп, тырнап алса дер кезінде медициналық көмекке жүгіну қажет. Құтыру ауруының алдын алудың бірден бір жолы профилактикалық егу болып табылады. Құтыру ауруына қарсы егу жұмыстары аудандық аурухананың жарақаттар бекетінде жарақаттанған науқастарға тегін,тәулік бойы егу жұмыстары жүргізіледі.Жануарлардан жарақат алғандардың барлығына егу тағайындалады,олар міндетті түрде егуді толық және белгіленген күндері алу қажет.Сол себептен үй жануарларын күтіп ұстау ережелерін барлығымыз білуіміз және толық орындауымыз қажет.

Жануарлар тістеп алған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз!

Өз өміріңіз өз қолыңызда!

Ш.МУСАЛИЕВА, Сарыағаш аудандық ТКҚСҚББ эпидемиологиялық қадағалаубөлімнің жетекші маманы 

Дерт дендемесін десеңіз...
Масайған кезде шәй ішу қауіпті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу