Суда босанудың артықшылықтары мен кемшіліктері

7d3cdf17f4439b6053f677ccb4ba842a.jpg

Ерте заманда кейбір халықтар  өзен-теңіз суларын емдік мақсаттармен қатар  босану үшін де пайдаланған. 

Қазіргі таңда тіршілік көзі саналатын суда босану әлемде күн санап танымалдыққа ие болып келеді. Бұл әдістің теориясы былай түсіндіріледі: сәби анасының ішінде суда болады, ал оның дүниеге келуінің де осы сулы ортада болғаны сәби мен оның анасы үшін тиімді әрі жеңіл саналады. Анасының ішінде сулы ортада дамып жетілген сәби, дәстүрлі әдіспен дүниеге келгенде гравитациялық соққыдан шок алуы мүмкін деген көзқарас бар. Мамандардың көпшілігі суда болсану әдісінің салыстырмалы түрде қауіпсіз және дұрыс жағдайда өтетіндігіне қосылады. 

Суда босанудың бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, су әйел денесіндегі ауырлықты басып, өзін жеңіл сезінуге септігін тигізеді және жүйкесін тыныштандырады. Екіншіден, әйел аурухана кереуетінен гөрі суда, мәселен ваннада еркін қимылдап, ыңғайына қарай қозғалыс жасай алады. Суда босанудың жағдайлары барлық   ауруханаларда қарастырылмаған, сол себепті  көп аналар үйде дәрігер мен күйеуінің қатысуымен суда дүниеге бала әкеліп жатады. Егер толғағы жақындаған әйел суда босануды қаласа алдымен мына шарттарды орындау қажет:  Босануға арналған судың температурасы 36,5-37 градус және артық қоспасыз таза  болуы керек. Ванна немесе бассейннің тереңдігі 60 см. , ал ұзындығы  220 см. болған жөн. Ең бастысы босанудың бұл түріне алдын ала психологиялық дайындық жүргізіп, өз-өзіне сенімді болуы шарт. Суда босанудың ана мен сәбидің өміріне еш қауіпі жоқ. Дегенмен, жаныңызға білікті маманды шақыртыңыз. Босану процесі аяқталғанша есігіңіздің алдында жедел-жәрдем қызметкерлері де дайын тұрсын.  Сондай-ақ, суда босанудың  бір кемшілігі босану кезінде судың әсерінен әйел жатырынан кеткен қанды дер кезінде байқау және жүрекқағысын анықтау қиынға түседі. Әйел суда ұзақ уақыт жатып қалғандықтан денесі тым босаңсып баланың  сыртқа шығуы кешеуілдеуі мүмкін. Алайда, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Бұл келеңсіздікті болдырмау үшін суға алдын ала түсіп алудың қажеті жоқ, тек толғақ қатты қысқан сәтте барып суға жатуға болады. Дәрігерлер суға босануға тек денсаулығы қалыпты әйелдерге рұқсат береді. Ал жүктілігіне қауіп төніп тұрған, гестоз, қан-тамырлары тағы басқа да аурулармен суда босануға болмайды. Егер перзентхана төсегінде емес, суда босануды қалаған нәзік жандылар қызығушылықтан немесе тәуекелге барып емес, алдын-ала өз-өзін психологиялық жағынан дайындап, барлығын жүрек қалауымен жасаса игі. Себебі өмірге адам әкелу үлкен жауапкершілік пен әйел ғұмырындағы маңызды сәттердің бірі.  

Роза Ақбаева, акушер-гинеколог

Screenshot_1.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жүрек неге қатты соғып кетеді?
  • Сүт безі қатерлі ісігі
  • Жылқы, ешкі, қой, тауық етінің адам ағзасына пайдасы
  • Тұмау тиген, теріге тікен кірген кезде кір сабын көмектеседі
  • Күнбағыс майы туралы деректер
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика