Анасының бүйрегімен өмір сүреді

Oinet.kz 24-01-2024 2328

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында 2024 жылдың алғашқы бүйрек трансплантациясы жасалды. Бұған дейін аьалған ауруханада былтыр 8 бүйрек ауыстыру отасы жасалған болатын. Бұл жолы 24 жасар перзентіне 45 жастағы анасы бір бүйрегін берді.

Screenshot_9.jpg

2000 жылы туған реципиентке созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Ол өткен жылдың наурыз айынан бері бағдарламалық гемодиализдің көмегіне жүгінген. 

Отаны Түркістан облысының бас трансплантологы, облыстық клиникалық ауруханасының басшысы Ж.Ділдабеков, гепатопанкреатобилиарлы хирургия және ағзаларды трансплантациялау бөлімшесінің меңгерушісі Е.Тауасаров, нефрологиялық орталықтың меңгерушісі В.Ли, урология бөлімшесінің меңгерушісі Ш.Байменов және гепатопанкреатобилиарлы хирургия және ағзаларды трансплантациялау бөлімшесінің дәрігерлері жүргізді. 

Күрделі операция сәтті аяқталды. Науқастардың жағдайы тұрақты, донор мен реципиент өздерін жақсы сезінеді. Реципиентте азотты токсиндердің төмендеуі түрінде оң динамика байқалады.

Айта кетелік, 2023 жылы алғаш рет Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында тұрақты негізде ағза ауыстыру – бүйректерді трансплантациялау оталарын жүргізу қолға алынған болатын. Алғашқы отаны аурухана дәрігерлерінің қатысуымен еліміздің бас трансплантолог-хирургы Б.Баймахановтың өзі жасады. Бұл Түркістан хирургтары үшін шеберлік сабағы болды. Одан кейінгі оталардың барлығын Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мамандарының қадағалауымен жергілікті мамандардың өздері жасады. Бұл – Түркістан медицинасының үлкен жетістіктердің бірі. Өйткені 10 шақты жыл бұрын трансплантация тек шет елдерде, үлкен қалаларда жасалатын. 

– Былтыр Түркістан облысы әкімдігінің және Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қолдауымен облыстық клиникалық аурухана Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығымен және Кардиология орталығымен келісімшартқа тұрды. Іс-тәжірибе алмасу, кәсіби біліктілікті арттыру, жалпы медицинаны бірге дамыту бағытында екі жақты меморандумға қол қойылды. Осы екі республикалық деңгейдегі екі мекемемен жасалған келісім бойынша қазіргі таңда 20-дан астам дәрігеріміз тәжірибе алмасып, облыстық клиникалық ауруханада емдеудің жаңа технологиялық әдістерін енгізіп жатыр. Соның ішінде өткен жылы 8 бүйрек ауыстыру операциясын сәтті жүзеге асырған болатын. Бәрі де туыстық трансплантация. Бүгінгі жасалған 9-ыншы бүйрек алмастыру да туыстық трансплантация. Осындай күрделі операциялар түркістандықтармен қатар біздің аурухананы таңдаған отандастарымыздың барлығына да тегін жасалады. Бұл сапалы денсаулық сақтаудың, нәтижелі емнің қолжетімді бола түскенінің тағы бір айғағы, – дейді Түркістан облысының штаттан тыс бас транспантологы. 

Жанболат Бердібайұлының айтуынша, облыстық клиникалық аурухананың мамандары аталған республикалық орталықта ғана емес, Оңтүстік Корея, Белорусия, Ресей мемлекеттерінің транплантациялауды жолға қойған медицинасы озық клиникаларында машықтанып, тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар, түркістандық дәрігерлер биыл бауыр ауыстыру операциясын жасауды да жоспарлап отыр.

Елімізде 4 мың адам азғасын ауыстыруға кезекте тұр
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына нейрожаттығулардың әсері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу