Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына нейрожаттығулардың әсері

Oinet.kz 24-01-2024 198

Ми жаттығуларының түрлі атаулары бар.  Ми гимнастикасы, нейрогимнастика, нейрожаттығу және кинезилогиялық  жаттығулар деп атауға болады. Ми жаттығулары тек қана миға емес, басқада органдарға оң әсер  етеді. Негізі  кинезиологиялық ғалымдардың айтуынша жаттығуды күнде жасаған дұрыс. Жаттығуды 2 жастан асқан  балаларға жасатып бастайсыз.

Screenshot_22.jpg

Оны неден бастайсыз? Алдымен саусақ, қолмен, аяқпен айтылатын тақпақтарды, ертегілерді айтқызып үйретеміз.  Әбден жаттыққан соң 4 жастан бастап, барлық жаттығуларды оң қолмен  жасауды үйретеміз, кейін  сол қолмен,  екі қолын жаттықтырып алғаннан кейін екі қолмен қатар жасайсыз. Миды дамытуға арналған жаттығуларды үздіксіз орындау арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінің дамытамыз, шығармашылық қабілетін  ашамыз.

Ми дұрыс даму үшін екі жарты шарды дамыту маңызды. Кейбір адамдардаң сол жақ жартышары басымдылық танытса, кейбір  адамдарда оң жақ жартышары басымдылық танытады. Екі жартышардың байланысын белсендіру әдістерінің бірі –екі қолмен сурет салу. Бұл жерде салынған суреттің маңыздылығы емес, тапсырманың жаңа болу деңгейі маңызды. Себебі ми жартышарларының арасында байланыс орнату барысында баланың оқу қабілеті жоғарылайды, яғни білім алу айтарлықтай жеңіл және эфективті болады.

Сол жақ ми бөлігі сөйлеуге, логикаға, сандарға, анализ жасауға, оқуға, жазуға, дененің оң жағына, себеп-салдар байланысын орнатуға, жалпылауға, уақыт шамасына жауап береді.

Сол шақ жартышарды қалай дамытамыз?

    • Страгиялық ойындар ( үстел ойындары)

    • Ребустар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар

    • Математикалық тапсырмалар

    • Оқу және жазу

    • Уақытты стрелкасы бар сағат бойынша үйрету.

Ал оң жақ ми фантазияға, дыбыстарды қабылдау (жан-жануарлар, құстардың дыбыстары, көше немесе үй дыбыстары), интонацияға, символдар мен бейнелер, эмоциямен байланыс, бет әлпет пен түсті қабылдау, шығармашылық, толық қанды бейнелер (суреттер), яғни бөлшектеп емес, арманға, өлшемге, көрген түстерге, музыкаға жауап береді.

Оны дамыту үшін не істейміз?

    • Тыңдауға үйретеміз, яғни айналадағы дыбыстарға назар аудартамыз, кейін сөйлеуіне ықпал етеді.

    • Музыка тыңдаймыз.

    • Заттардың құрылымын зерттейміз(ұстап көреміз, иіскейміз, дәмін көреміз)аттарын атап, пассивті сөз қорына қосамыз.

    • Картиналарды қарап, зерттейміз.

    • Көп қимылдаймыз (секіреміз, жүгіреміз, еңбектейміз)өз денемізді зерттейміз.

Кинезиологиялық  жаттығулар баланың ми сыңарларын, ұсақ моторикасын, ес, зейін, ойлау, тілін, яғни барлық таным процестерін дамытады. Ми сыңарларының өзара әрекеттесуін кешенді кинезиологиялық жаттығулар арқылы жетілдіруге болады.

Тәжірибие көрсеткендей, сабақ барысында бұл жаттығуларды қолдану оң нәтиже беруде. Зерттеулерге сүйенсек, 80 елдің тәжірибесі көрсеткендей, ми гимнастикасынан қозғалыс жаттығулары қолданылған мектептерде балалардың көрсеткіштері жақсарды. Олар оңай әрі қуанышпен үйрене бастады. Стресс деңгейі төмендеді.

Осы жаттығулардың нәтижесінде бала:

    • мидың екі жарты шарлары арасында байланыс түзеді.

    • ақыл-ой белсенділігі, есте сақтау қабілеті жақсарады.

    • оқу және жазу процестері жеңілдейді.

    • қол мен көзді үйлестіру жақсарады.

    • кеңістіктегі ойлау жақсарады.

Қорытындылай келе, бұл жаттығуларды әр педагог сабақтарында табысты қолданып жүрсе, сабақ процесі әлдеқайда қызықты, балаға жеңіл болады. Баладағы барлық  таным процестерінің қалыптасып, дамуына кинезиологиялық жаттығулардың пайдасы зор және оны әрбір педагог сабақта ұтымды қолданса, « нұр үстіне, нұр болар» еді.

Жолаева Гульзира Асанқызы,

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы 

Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің

Бастауыш мұғалімі

Анасының бүйрегімен өмір сүреді
Молекулярлы медицина орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу