Теңіз өнімдері туралы деректер

Oinet.kz 23-10-2019 3840

787237.jpg

Теңіз өнімдері - омыртқалы жануарларды (балық пен киттерді) қоспағанда, дүниежүзілік мұхиттан алынған барлық жеуге жарамды заттар. Теңіз өнімдері әртүрлі ұлулар түрлерін (мысалы, устрицалар, мидиялар, сегіздік, кальмар және т.б.), шаян тәрізділер (мысалы, асшаяндар, крабтар және омар) және инелерді (мысалы, теңіз ежи) қамтиды. Тарихи теңіз сүтқоректілері, мысалы, кит және дельфиндер, сондай-ақ итбалықтар тамақ ретінде пайдаланылды, бірақ соңғы уақытта оларды қорек ретінде пайдалануға тыйым салынуда.

Теңіз өнімдеріне мыналар жатқызылады:

  • моллюскалар

  • кальмарлар

  • асшаяндар

  • теңіз шаяндар

  • сегізаяқтылар

  • лангустар (қысқышсыз шаян)

  • омарлар (ірі теңіз шаяны)

Теңіз өнімдерінде қанық майлар жоқ, бірақ олардың орнына-адамның жүрек-қантамыр жүйесіне жақсы әсер ететін май қышқылдары көп кездеседі. Жүрек ауруларын азайту үшін теңіз балығын немесе басқа да теңіз өнімдерін пайдалану аса пайдалы.

Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 84 жыл. Ал осы елдің көптеген тұрғындары 90 жасында да мықты денсаулық пен жақсы жұмысқа қабілеттілікті сақтайды. Мұның себептерінің бірі - жапон рационының басым бөлігі теңіз өнімдерінен т ұратындығында. Мұнда климат ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болмағандықтан, адамдар көбіне теңіз тағамдарын жеуге дағдыланған. Жапондық адам жылына орташа есеппен 68 килограмм балық жейді, ал ет тек 45 кг тұтынады екен. Бұл АҚШ-тың орташа статистикалық тұрғынына қарағанда үш есе аз ет тұтынады деген сөз.

Бірнеше жыл бойы Гарвард университетінің ғалымдары еріктілерден құралған екі топпен эксперимент жүргізді.  Бір топ үшін тамақтану рационындағы теңіз өнімдерінің санын барынша ұлғайтып, басқа топтарда оларды толығымен алып тастады. Нәтижелері өте айқын болды: бірінші топ қатысушылары артық салмақтан арылып, олардың көңіл-күйлері жақсарды, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысы қалыпқа келтірілді. Екінші топқа кірген адамдардың жағдайында ешқандай өзгеріс орын алмады.  Дегенмен, мамандар теңіз өнімдерін шамадан тыс пайдаланудың теріс салдарын да атап өтті. Бұл, ең алдымен, әлемдік мұхиттың ластануымен байланысты. Барлық зиянды заттар моллюскалар ағзасына кіреді, содан кейін адам ағзасына түседі. Бұл денсаулыққа айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Устрицаны тек "р" әрпі бар айларында ғана жеуге болады, яғни  қыркүйек айынан сәуір айына дейін. Ал неге жазғы уақытта жеуге болмайды? Гурмандардың айтуынша, бұл кезеңде көбею кезеңі өтеді, устрицалар ащымен қоректенеді. Сонымен қатар, ыстық уақытта оларды балғын сақтау қиын, устрицалар тез бұзылады.

Теңіз өнімдерінде ақуыз мөлшері көп болғандықтан, олар өте бағалы болып табылады. Себебі ақуыздық калориялығы аз. Бұл өнімдер испан, француз, жапон және итальян асүйлерінде кең қолданылады.

Жыл сайын Жаңа Орлеан устрицаны жеу бойынша әлемдік біріншілікті өткізу орнына айналады. Қатысушылар тек тойып қана қоймай, ақшалай жүлде алуға да мүмкіндік алады.

Бельгиялық Ерсек қаласы мидияның әлемдік астанасы деп аталады. Мұнда әлемдегі жалғыз мидия биржасы орналасқан. Келушілер ең жақсы моллюскаларды сатып ала алады. Жағалаудағы аудандардың тұрғындары ежелгі уақыттан бастап мидияны пайдаланады. Мысалы, Калифорния үндістері оларды 12 000 жыл бұрын жеген. Ал XIII ғасырдан бастап оларды өсіру үшін жасанды фермалар пайда болды.

Сіздің шынайы мінезіңіз қандай? (психологиялық тест)
Адам психологиясы жайлы деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу