Сфинкстің мұрнын сындырған кім?

Oinet.kz 20-04-2019 1765

Screenshot_50.jpg

Сфинкс грек сөзінен шыққан. Мысырда сфинкстер өте көп. Ал жұрттың көпшілігіне мәлім Гизадағы сфинксті «үлкен Сфинкс» деп атайды. Оның биіктігі 20 метр, ұзындығы 72 метр. 

Денесі арыстан, басы адам тәріздес алып мүсіннің мұрны жоқ. 6500 жылдан бері мызғымай тұрған мүсін мұрнынан қай уақытта айырылғаны әлі күнге дейін белгісіз. 

Рас, көптеген болжам бар. Бірақ бұл болжамдардың ешқайсысы дәлелденбеген. Тарихи деректерде Сфинкстің мұрнын 14-ғасырда   Мұхаммед Саим әл-Дах деп аталатын сопы сындырыпты деген мәлімет кездеседі. Осы қылығы үшін оны 1378 жылы жергілікті тұрғындар өлтіріп тастаған екен. Бірақ Сфинкстің 70 метрлік биіктіктегі екі метрлік мұрнын жалғыз адам сындырды дегенге сену қиын.  

Сфинкстің мұрнын 1799 жылы Мысырға жорық жасаған Напалеон зеңбірекпен атқызыпты деген болжам да нақты емес. Бір айта кетері, француз қолбасшысы осы сапарында Мысырға 155 ғалымды ала барған. Мысырдағы архелогиялық қазба жұмыстары осы Напалеонның кезеңінен басталады. Ал Сфинкстің мұрнына императордың еш қатысы жоқ болып шықты. Өйткені 1737 жылы, яғни Напалеонның Мысырға сапарынан 32 жыл бұрын бір еуропалық саяхатшы Сфинкстің суретін салған екен. Суретте мүсін мұрынсыз бейнеленген. Дегенмен осы уақытқа дейін Мысырға барған туристерге  «Сфинкстің мұрнын Напалеон зеңбірекпен атқызған» деп түсіндіріліп келеді. 

Шындыққа сәйкес келетін ең ықтимал болжам, Сфинкстің мұрны уақыт тезіне шыдай алмаған. Әктастан ойып жасалған мұрынның басты жауы құрғақ жел болған көрінеді. 

Павлик Морозов сатқын ба?
Викториан ғасырындағы талап пен дәстүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу