Нотаны ойлап тапқан кім?

Oinet.kz 19-06-2019 4920

Screenshot_17.jpg                                                  

Нота авторы Гвидо Ареццо

Нота десе кез-келгеніміздің көз алдымызға ирелеңдеген бейне мен музыка елестейді. Ал осы музыкалық ноталарды кім ойлап тапқанын білесіз бе? ХІ ғасырға дейін музыкалық туындылардың бөлшектері сызықша мен нүкте арқылы белгіленген. Пунктуацияның нақты ережесіз белгіленуі әуеннің әр орындауда өзгеріп кетуіне алып келетін болған.   

Біздің заманымыздың 991-1033 жылдары аралығында өмір сүрген Гвидо Ареццо есімді дін қызметкері қазіргі қолданыста жүрген ноталарды жүйеге келтірді. Жеті нотаның бір гамма деп алып, ретімен қолданылған музыкалық белгілерді шаршымен білгілейді. Ал бір гамманың бөлшектері ерте орта ғасырларда шіркеуде әулие атына орындалған ән сөздерінен алынады. Әннің түпнұсқасы латын тілінде жазылыпты. Әр қатардағы екі әріп бір нотаның  атын білдірген. Кейіннен үндесуді сақтау үшін бірінші нотаны «do» атауына өзгертеді. Себебі әнді дауыссыз дыбыстан бастап айтқан икемді. 

Ал соңғы нота атауы ең төменгі қатардағы әріптердің бас әріптерінен құралады. Көне латын тілінде «si» құдайға табыну дегенді білдірген. Ареццоның жаңалығы музыка әлемінде әлі күнге дейін қолданып келеді. 

Әлемдегі ең үлкен ұшақ коллекциясы
Өте құнды 18 тарихи фотосурет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу