Тісіңіз туралы не білесіз?

Oinet.kz 17-09-2019 910

144428919656161aac75bb44.57085905.jpg

1. Ағзаңыздағы кальцийдің 99%-ы тісіңіздің құрамында болады.

2. Акулалардың эмалі адамдардікімен бірдей болады.

3. Құстардың қазіргі түрлерінің тістері жоқ, алайда ежелгі жойылып кеткен  гесперорнистердің тістері болған.

4. 2006 жылы ғалымдар құстарға тәжірибе жасаған. Олар үй құстарының тістерінің өсуіне жауап беретін гендерін дамытпақ болған. нәтижесінде тісі бар балапандар өсіп шыққан.

5. Кеміргіштердің көбінде тістері өмір бойы өседі.

6. Тістерінен айрылған жабайы жануарлар тірі қалу мүмкіндігінен айырылады.

7. Тіс эмалінің мықтылығы сондай, дантистер оны алмаз бұрғымен ғана өңдей алады.

8. «Сүт тіс» атауын ежелгі дәрігер Гиппократ ойлап тапқан. Ол алғашқы тістер балалардың емізулі кезде сүт ішуінен түседі деп есептеген.

9. Пілдердің тістері 9 ретке дейін түсіп, өсіп шығады.

10. Тістерді алмастырудың алғашқы операциясы Ежелгі Мысыр елінде жасалып басталған.

11. Жақ бұлшықеттері ағзадағы ең мықты бұлшықеттердің бірі.

12. Ұлулардың тістерінің саны 25 000-ге жетеді.

13. Инкалар өмір сүрген аумақтан толығымен жасанды тістерден тұратын адамның жағы табылған. Олар кварц пен аметистен жасалған.

14. 19 ғасырда бір бай кісі Исаак Ньютонның тісін алып, онымен өзінің жүзігін безендіріп алған. Тістің құны қазіргімен санағанда 40 000 АҚШ долларын құраған.

15. Ғалымдардың соңғы зерттеуіне жүгінсек, тістерін күніне 3-4 рет тазалайтындар артық салмаққа душар болмайды екен.

16. Мао Цзэдун ешқашан тісін тазаламаған. Ол бұл әрекетін жолбарыстардың тістерін тазаламайтындығымен түсіндірген.

17. Ғалымдар сау тістер мен есте сақтау қабілетінің жақсылығының арасында байланыс бар екенін анықтаған.

Қазақстанда театр қашан пайда болды?
Ескі балабақша ғимаратынан 1937 жылғы болашаққа жолдау табылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу