Ет саситын гүл

Oinet.kz 23-09-2019 1036

1109451_20180806101613.jpg

Тропикалық орман - табиғаттың нағыз жұмбаққа толы мекені. Мұнда Раффлезия секілді өте ерекше өсімдіктерді кездестіруге болады.  Бұл алып гүлдің ажары тартымды болғанымен паразитті өсімдікке жатады. Паразит үлкен жапырақтың астында тығылып тұрады. Ал қып-қызыл, көздің жауын алатын үлкен жапырақтары жемтігін өзіне әдейі еліктіреді де қақпанға түсіреді. Қызыл гүл алыстан әдемі көрінгенімен  одан  бұзылған еттің иісі мүңкіп тұрады. Жемтік іздейтін өсімдіктердің бірі шыбынаулағыш венерина. Жапырақтарында ұсақ тістері бар венеринаның қақпағынан шыбын-шіркейді айтпағанда бақа да шыға алмайды екен.    

Гетерохромия деген қандай ауру?
Жүретін тас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу