Жүретін тас

Oinet.kz 23-09-2019 1553

1563959614_zhivye-kamni-doliny-smerti.jpg

Өздігінен жүретін тас туралы естуіңіз бар ма? Американың Калифорния штатындағы «Өлім алқабы» атты табиғи қорығында жылжитын тастар бар. Жарты тоннадай болып келетін жұмыр тастар өте баяу қозғалып отырады. Құдды бір күш оларды алға сүйреп келе жатқандай. Құмның үстінен олардың жылжып отырған іздерін аңғаруға болады. Ғалымдарды әсіресе, тастардың желдің өтіне қарама-қарсы жүретіндігі таңқалдыруда. Бойына жан біткен тастар туралы алғашқы деректер 1950 жылдары пайда бола бастады. Аяқсыз қозғала беретін тастардың бірі осы уақытқа дейін 900 метрге дейін жылжыған. Қатты дененің неліктен қозғалатынын зерттеушілер ғылыми түрде әлі дәлелдей алмай келеді. 

Ет саситын гүл
Әлемдегі ең үлкен бақа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу