Америкалық «Маугли» қыздың тағдыры

Oinet.kz 09-10-2019 1714

Дженни Уайлидің, американдық маугли қыздың тарихы.

Бұл қыздың тарихы 1957 жылы 18 сәуірде басталды, ол Калифорния штатының Аркадия қаласында, Айрин және Кларк Уайлидің отбасында дүниеге келді. Айрин көз ауруымен ауырады, басқаша айтқанда соқыр болды және күйеуі Кларкке толық тәуелді болды. Кларк өте қатал және өте жүйкесі жұқа адам болды. Әсіресе жаңа туған қызы оған қатты кедергі жасады.

Дженни төртінші, ең кіші бала болды. Алғашқы екеуі ата-анасының айтқанына сүйенсек, ауру салдарынан қаза тапты. Үлкен ағасы Джонды әжесі біраз уақытқа алып кетеді де, үйлерінде жалғыз Дженни қалады. Алғашқы жарты жыл ішінде отбасына педиатр үнемі барып отырады. Медициналық картаға сәйкес, осы уақытта Джинни қалыпты бала ретінде дамып келе жатқан. Алайда, жасына толғанда кішкентай қыз пневмониямен ауырады. Емдеуші дәрігер тағы қыз баланың ақыл-ой дамуының кешіктірілуі мүмкін екенін байқаған.

Бұл кішкентай ескерту қыздың болашақ тағдырына тікелей әсер етті. Әкесі ақыл-ой кемістігі бар баланы оқшаулау керек деп шешті. Әкесі дженнидің осы уақытта қайта оралған ағасы мен әжесіне кішкентай қызбен сөйлесуге тыйым салынды. Ал қызды бөлек бөлмеге қамап қояды. Осылайша, адамдардан толық оқшаулауда, бірде-бір адаммен сөйлеспей, қыз 10 жылдан астам уақыт өткізеді. Ақырында, 1970 жылы Айрин күйеуінен қызын алп қашып кетуге шешім қабылдайды. Кейіннен әлеуметтік көмек алу үшін Айрин департаментке қызын ертіп келіп, ол жерде қызына департамент қызметкері назараударады. Қыз 13 жаста екеніне қарамастан 6 жасар баладай қылықтар жасайды. Қызметкер тиісті органдарға көргені туралы хабарлайды және жақын арада ерлі-зайыптыларға баламен қатыгез қарым-қатынас жасағаны үшін айып тағылады. Ал Дженниге мамандар қарайды. Қыздың драмалық тарихымен қатар, бұл жағдай психологтар мен психиатрларда ғылыми қызығушылық тудырды. Мамандар Дженниді оңалтуды қолға алды, алғашқы уақытта нәтиже өте әсерлі болды.

Отец, Кларк Уайли при выходе из полицейского участкаКларк Уайли полиция бөлімшесінен шығып келеді.

Бастапқыда қыз тіпті шайнай алмады, қарапайым тұрмыстық дағдыларды меңгермеген болады. Мамандардың көмегімен біраз жағдайы түзеле бастады. Ол киінуді үйренді, қажетті минимум дағдыларына ие болды. Жеке сөздерді, содан кейін қысқа сөйлемдерді айта бастады. Біртіндеп IQ-і жоғарылай бастады. Біраз уақыттан кейін ақыл-ой дамуы тежелген балаларға арналған бастауыш мектеп сабақтарына қатыса бастады. Бірақ көп ұзамай бұл жағдайға байланысты ғылыми қызығушылық бәсеңдеп, қызда қаржылық мәселелер туындай бастайды.

Взрослая Джинни

Дженнидің үлкейген шағы.

Көп ұзамай қызды асыраушылар пайда болады, алайда оны бірінен соң бірі қайтара бастайды. Дженни ауруханаларда, кезекті қабылдау отбасында уақыт өткізді. 2016 жылы ол әлі тірі екендігі және психологиялық емдеу мекемесінде екендігі белгілі болады. Оның әкесі Кларк сот алдында жауап бермеді. Өз-өзіне қол жұмсап, «әлем түсінбейді» деген жазба қалдырады.

Шыңғысханның кезіндегі әйелдер тағдыры
Ең қысқа қайғылы әңгіме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу