Нұрлан Еспанов ұлына келіншек іздеуде

Oinet.kz 08-04-2020

Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов алдағы уақытта ұлын үйлендіріп, келін түсірмек ниетте. Алайда, әншінің баласы әзірге қалауындағы аруды таба алмай жүргенін айтады. Олжас Еспанов қазіргі таңда көптеген арулар тек жағдайға қарап сөйлесетініне қынжылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Нұрлан Еспановтың ұлы қыздарды көбіне оның отбасының танымалдылығы қызықтыратынын айтты. Ол тіпті өзіне жағдайға қарап қалған арулар көптеп жазатынын жасырмады. - - "Үйде апам бар, әкемнің анасы. Сол кісі кейде айтып тұрады. "Ауылдың қызын ал, біз жақтың қызын ал" деп тұрады. Біз Арыстанбыз ғой. Маған кейде Арыстың қыздарын көрсетеді. Бірақ, мен ол кісіше келінді өзім алып келетінімді айтамын. Көбіне жағдайға қарап қалған қыздар жазады. Ондайды ұнатпаймын. Бұйыртса, алдағы бір-екі жылда отбасын құрсам деп отырмын. Бірақ, ондай адамда әлі жолықтырмадым. Іздеу барысындамыз" , - деп ағынан жарылды Олжас Еспанов. 

Тамара Асар: Хюррем Сұлтанның ұстаған айнасы менде
"Тақырбас челлендж": Отандық жұлдыздар жаппай шашын тақырлап жатыр (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×