«Жалқаулық қанымызда бар» - Мейрамбек Беспаев

Oinet.kz 12-05-2020 1532

Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев үкіметке қарап отырған халықты қатаң сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасында айтты. 

image.png

- Жалпы біз үкіметке қарай бермей маңайымыздағы көршімізге де қарауымыз керек. Біздің сондай пейіліміз қиын болып кетті жалпы. Соңғы кезде мәдениеттің жоқтығы, рухани жұтағандығымыздың кесірі деп ойлаймын осындай хәлге жеткеніміз. Көмек сұрап отырған тек қана қазақ. Ол енді жалқаулық та бар ма деп ойладым бір себебі. Қанымызда бар енді шынымен. Бізде аспаннан біреу алып келу керек немесе тіреп тұрған көке болу керек. Жұмыс істемейді біздің елде. Білімге де ұмтылмайтын құр жататын. Ең болмаса 42 мың теңегеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын, - дейді әнші. 

«Біздегі әншілердің қадір-қасиеті кетті» - Мейрамбек Беспаев
«Басымды ауыртқым да келмейді» - Ақбота Керімбекова ұтыс ойындары туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу