Нұрлан Еспановтың жаңа образы желіні шулатты

Oinet.kz 15-05-2020 3364

Отандық танымал әнші Нұрлан Еспанов тақырбас болып түскен суретін әлеуметтік желілердің бірінде жариялап, желіде қызу талқыға түсті. Тыңдармандарына бірнеше хит әндерімен қатар, ерекше шаш үлгісімен танылған өнер иесінің бұл өзгерісі желі қолданушыларының пікірін екіге бөлді. Бірі әншінің бұл образын қолдаса, екіншілері бұл образ мүлдем жараспайтындығын айтып қарсы шығуда, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.  

image.png

Нұрлан Еспанов Instagram парақшасында тақырбас болып қалған суретімен бөлісіп, жанкүйерлерін таңғалдырды. Шоу-бизнес жұлдызы олардан жаңа образына баға беруін сұрады. Желі қолданушыларының біріне оның тақырбас күйі ұнаса, басқаларының көңілінен мүлдем шықпаған. Ал кейбір оқырмандар тіптен, әнші шын мәнінде басын тақырламаған деп топшылады. 

- "Жараспайды, желбір шашы әлдеқайда жақсы" , "Халыққа желбір шашымен танылғандықтан сол образы бізге ыстық еді" , "Карантинде бәрі тақырлап кетті ғой" , "Сізге бәрі жарасады", "Керемет, өзгеріс те керек" , "Образды жаңартып та тұрған дұрыс" , "Негізі басын тақырламаған" , "Шашы алынбаған маска сияқты" , - деп жазды көпшілік. 

«Моншаны ашыңыздар енді» - Тұрсынбек Қабатов (видео)
«Құрметті маймылдар!» - Айқын Төлепберген адамдарға мәлімдеме жасады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу