Ақан Сатаев карантин кезінде қызын қалай ұзатты?

Oinet.kz 29-06-2020

Танымал қазақстандық кино режиссер Ақан Сатаев қызы Мәриамды ұзатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба қалдырды. 

image.png

Ол карантин шараларына байланысты той өткізбегендігін жеткізді. 

- Құрметті достар! Бүгін біз, Алланың қалауымен, Назира Бақаева екеуіміздің үлкен қызымызды Мәриамды мешітте некесін қиып, күйеубаламыз Есболат Әбдіберікке аманат етіп, табыс еттік. Елдегі жағдайды ескере отырып, үлкен тойсыз, тек құдаларымызбен қарапайым дастархан жайып, сүннет бойынша жастардың қалауын орындауға тырыстық. Алла Тағала барлығымызға жақсылық пен береке беріп, жамандықтан сақтасын! Әмин! - деп жазды Сатаев.

image.png

image.png

Әнші Айқын Төлепберген шенеуніктерге шүйлікті
Динара Сәтжанның нағашы апасы бақилық болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×