Динара Сәтжанның нағашы апасы бақилық болды

Oinet.kz 02-07-2020 3233

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның отбасында қайғылы жағдай орын алды. Журналистің нағашы апасы қайтыс болған. Диагнозы - коронавирус инфекциясы, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы Динара Сәтжан Instagram парақшасында хабарлады. 

image.png

Ол нағашы апасының коронавирустан қайтыс болғанын растады. 

- Бүгін біздің апамыз өмірден өтті. Менің анамның анасы қайтыс болды. Диагнозы - коронавирус. Бұл қауіпті індет бүгінде Жаңаарқада өршіп тұр. Маусым басында сол жерде болып қайттым. Ол кезде апам өзін жақсы сезінген болатын. Бұл вирус болмағанда ол әлі де кемінде он-он бес жыл өмір сүрер еді" , - деді Динара Сәтжан. 

Айта кетейік, бұған дейін Динара Сәтжанның өзі де қатты ауырып жатқанын айтып, елді алаңдатып қойған болатын. Тележүргізуші коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест жасайтын орталық таба алмай қиналып, ақыры тестілеуді кейінге қалдырып қойды.

Ақан Сатаев карантин кезінде қызын қалай ұзатты?
Ерке Есмахан әкесінің қазасы жайлы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу