Мадина Сәдуақасова демалысқа жалғыз кету себебін ашып айтты

Oinet.kz 30-09-2020 1479

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде демалысына қатысты жазба қалдырып, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Өнер иесі Мысырда өткізген күндерінің бұған дейінгі шетелдегі демалыстарынан басты ерекшелігі неде болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.   

image.png

Әдетте, отбасымен түрлі елдерді аралап жүретін Мадина Сәдуақасова бұл жолы шетелді саяхаттауға күйеуінсіз аттанды. Ол Мысырға ұлы мен туған сіңлісімен барған. Өнер иесі Қызыл теңізде өткізген күндері несімен ерекше болғанын Instagram парақшасында бөліскен. Әнші демалыстағы фото және видеожазбаларды жариялап қана қоймай, Мысырдан алған әсерін де жеткізді. Сонымен қатар, эстрада жұлдызы өзінде бірталай жаңалық жиналып қалғанын айтты. Олармен жақын арада бөлісуге уәде еткен ол барша жанкүйерлерін қызықтырып қойды. 

- "Мына демалыс бұрыңғы барған демалыстардан өзгерек, өйткені бүкіл әлемді covid жаулап , басқа мемлекет түгілі, өз үйімізден шықпай қалған күндер де болды.. Тәуекелге бел буып Египетке ұштық!) Құпияға толы Мысыр, Қызыл теңіз, ыстық құм, тропикалық жеміс жидектер бір сәтке әлемде болып жатқан дертті ұмыттырса да, елге қайтқың келіп тұрады, сағындырады, өз еліңнен ыстық , сұлу да тартымды, қымбат жер жоқ бұл ғаламда! Демалдық, күш жинадық, көңілімізді ауладық аз уақытқа, шабыттандық , рахмет , енді өз еліме , қазағыма қайттым! Жаңа әндерім бар шығаратын, жаңалықтарым көп айтатын" , - деп жазды Сәдуақасова. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мына демалыс бұрыңғы барған демалыстардан өзгерек, өйткені бүкіл әлемді covid жаулап , басқа мемлекет түгілі, өз үйімізден шықпай қалған күндер де болды.. Тәуекелге бел буып Египетке ұштық!) Құпияға толы Мысыр, Қызыл теңіз, ыстық құм, тропикалық жеміс жидектер бір сәтке әлемде болып жатқан дертті ұмыттырса да, елге қайтқың келіп тұрады, сағындырады, өз еліңнен ыстық , сұлу да тартымды, қымбат жер жоқ бұл ғаламда! Демалдық, күш жинадық, көңілімізді ауладық аз уақытқа, шабыттандық , рахмет , енді өз еліме , қазағыма қайттым! Жаңа әндерім бар шығаратын, жаңалықтарым көп айтатын... Жолымыз ақ болсын! @rixospremiumseagate @kazuniontouroperator , #туристыkazunion Көйлек : @argimbaev_azamat ❣️

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Танымал әзілкеш алғаш рет әке атанды (фото)
Сәбит Әбдіхалықов әйелдердің бір-бірінен айырмашылығын атап өтті (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу