Қазақ тіліне аударылған кітапты сынға алған танымал әнші дауға қалды (видео)

Oinet.kz 15-02-2021 1284

Отандық белгілі әнші Айқын Төлепберген британдық жазушы Жоан Роулиңнің қазақ тіліне аударылған "Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас" атты кітабын сынға алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтты.

Айқын.jpg

- Осы аудармашыларды түсінбеймін. "Шаш ал десе, бас алатын". Гарриді-Хәрри қылып, Гермионаны-Хәрмиона, Джонды-Джөн қылып не керек - дейді әнші.

Ал, оның қазақша аудармаға қатысты айтқан сынына көпшілік пікірін жаудыруда. Оның басым көпшілігі әншіні сынға алып, қазақ тіліне қарсы шығушылық деп бағалады. 

кітап.jpg

- "Егер қазақ тілінді таза сөйлейтін, қазақ сөзінің майын ішпеген маман болмасаң кереғар пікір айтып қажеті жоқ! Орыстар Шоқанды Чокан, Ыбырайды Ибрай, Уәлиді Вали, Самарқанды Самарканд дейді және айта берсем мысал көп. Біздің бір қателігіміз осы Хәрри болсын, басқа болсын дер кезінде қолға алмағанымыздан, жастар емес, тіпті ел ағаларының өзі мәңгүрттеніп жатыр. Бұл аударма Қазақ еліндегі нағыз сапалы аударма. Ешбір калькасыз. Ал, СЛИШКОМ, пысықтар мен ақылдыларға айтарым, әуелі қазақ тілін жетік меңгеріп алыңыздар! Сыншы болу үшін әуелі білім керек", "бәлкім тағы бір оқып шығарсыз. Немесе ағылшын тілі мамандарымен кеңесіңіз. Проблема аудармада емес, өзіңізде", "Қазақшалаудың не қатысы бар. Түпнұсқада Harry "Хәрри" емес пе? Біреуді сынамастан бұрын мән жайды білу керек қой", "Кім аударса да тамаша аударған. Ағылшынша да , қазақша да сауатты маман жасаған. Орысшаға үйреніп кеткендер ана тіліндегі таза дыбысты қабылдай алмайды. Ал негізі нағыз аударма осылай жасалады", "Саңырауға амандассаң атаңның басы дейді деген тап рас қой. Аудармаға әншілер араласпай-ақ қойсыншы" - дейді желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

«Қоршаған әлем маған қарсы көрінеді» - Айгүл Иманбаева (фото)
Мақпал Жүнісова марқұм Шөмішбай Сариевке әсерлі жазба арнады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу