Баян Мақсатқызы өзін қазақша білмейді дегендерге шүйлікті (видео)

Oinet.kz 19-04-2021 1751

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзін қазақ тілін білмейді деп сөккен оқырмандарына жауап берді. Бұл видео qaz.stars Instagram парақшасында жарияланды. 

Баян Мақсатқызы.jpg

- Құрметті менің оқырмандарым менің қазақшам жаман емес. Жүрегім қазақ, қаным қазақ, әкем қазақ, анам қазақ. Қазақстанымды жақсы көремін, қазағымды жақсы көремін - деді Баян Мақсатқызы.

Баянның бұл жауабына түрліше пікір қалдыруда. 

- "Аузы қисық болса да байдың қатыны сөйлесін деген осы шығар. Осындайларға қарап, қазақ тіліне, ана тіліне келген кезде, тілін шайнап зорға сөйлейтіндеріне жүрегім айниды. Соқыр атқа қоңыр ат деп, екеуі бір -бірінен өтіп тұрғой. Күні бойы камера алдында бұралаңдай бергенше, тым болмаса бір сағат уақытын қазақ тілін бұралаңдатпай, шайнамай сөйлеуді үйренсеғой. Әй қайдам!", "Ұрысқанда қазақша сұмдық өтірік бұрмалап тілін", "Күнде Әдетке айналдыр Ортадағы Адамдармен Қазақша сөйлеуге Сонда таза сөилеисіз Әліде тілініз күрмеліп тұр", "Баян осы сөзіңізде тұрып,қазақша сойлеңіз енді", "Қазақ курсына жазылып оқыған шығар, содан үйреніп кеткен ғой деймін, қазақша сайрап тұрсыз", "Қалай байқамайсыздар орысша дұрыс сөйлей алмайды ғой" - деп жазды желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Тағы бір әнші Түркиядан үй алатынын қуана хабарлады (фото)
«Қайрат Нұртастың әйелімін» деп айтуға асықпаймын» - Жұлдыз Абдукаримова (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу