«Шыдай алмайды екенмін, кете берейінші, деп айтқым келіп тұрды»: 5:32 фильмі туралы актер айтады

Oinet.kz 02-08-2022 1930

Отандық кинорежисерлер түсірген "5:32" фильмінің басты рөлінде сомдаған актер Әбілмансұр Серіков алғашқы локация мәйітханадан бастау алғанда, бәрін тастап кетіп қалғысы келгенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg 

"Түсірілімнің бірінші күні кетіп қалсам ба деген ой бес рет келді. Өте ауыр болды. Таңертең бастадық. Бірінші локация - мәйітхана. Кірсек, мұздатқышта екі мүрде жатыр, ал біз сол жерде фильм түсірдік. Кешкі сағат 5-те түскі асты алып келді. Жылағым келді. Кетіп қалайын ба деген ой келді. Кешіріңдерші, бірақ мен шыдай алмайды екенмін, кете берейінші, деп айтқым келіп тұрды. Кейін өзіме: "Жындысың ба? Өзің келісіп алдың. Еркек емессің ба? Өз-өзіңді тексеремін дедің. Не мынау? Дәлелде", - дедім. Артқа жол жоқ. Қаншама адамды аяқтан шалатын едім. Оның үстіне, басты рөл. Солай өзімді-өзім еңсеріп, әрі қарай кеттік",- деп ағынан жарылды актер.

Айтуынша, фильмге кастинг 4 ай бойы жүрген. Алғашқыда басты рөлге басқа актерді бекіткен. Кейін белгісіз себептермен кастингті қайта жариялап, Әбілмансұрды шақырған. 

Актердің айтуынша, бұл фильм оған уақытты, достықты, махаббатты бағалауды үйретті. 

«Мені Аллам қарабалшықтан қайта жасап шығарды»: Тамара Асар арбаға таңылған кездерін еске алды
«Мал сияқтысыңдар жабайы»: Әнші Садраддин тыңдармандарының езгісінде қап қойды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу