«Біздегі әнші-сайқымазақтар»: Белгілі журналист Меккеге барғыштап кеткен әртістерді сынға алды

Oinet.kz 30-01-2023 837

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Меккеге барғыштап кеткен әртістерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды:

"Меккеге бармасын демеймін. Барсын!!! Орамал тақсын қазақ аналары секілді. Менің анашым ақ орамалын ешқашан басынан шешкен емес. Сонысымен әдемі.

Біздегі әнші-сайқымазақтар тегін жарнамаға өздері барады да, аңқау елдің қалтасын қағып араб елінің қазынасын толтыртады. Өзіміздің Түркістанға барып мінәжат етсе, іштері ауыра ма?! Әлде, ата-бабаларының әруағы риза болсын деп, құран оқытып зиратына барса бір құлағы кеміп қала ма?! Бұрын Меккеге Құнанбай аталарымыз жаяулатып барған.

Ал бүгінде екінің бірі барып, қажы деген ауадан статус жасап жүр. Бір сөзбен айтқанда - бизнеске айналдырды", - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Ерке Есмахан қыздарға арналған курс ашып, махаббат хикаясымен бөліспекші (фото)
«Бірнеше рет қайталанды»: Әсел Асқар жастай зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу