«Түрмедесіз бе?»: Индира Расылхан ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтіндерге ақыл айтты

Oinet.kz 17-03-2023 1404

Отандық әнші Индира Расылхан ата-енесімен бірге тұрғысы келмейтін қыз-келіншектерге кеңесін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_6.jpg

“Бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шықтым. Бірақ ата-енесіз, бөлек тұрғым келеді” деген оқырманның сұрағына әнші: 

“Жаным, ата-ене деген қазына. Өзіңіз қалай қарым-қатынас жасасаңыз, ол кісілерден соны аласыз. Енеңіздің ескертулерін елемей, менсінбеушілікпен қарамаңыз. Сол кісілердің туған баласның қойнында жатырсыз ғой. Сіз де ене боласыз”, – деп жауап берді.

Желі қолданушылардың арасынан ұзақ жыл бірге тұрса да өзін еркін сезіне алмайтынын айтып, кеңес сұрағандар да табылды.

“Еркіндік… Түрмедесіз бе? Сіз өзіңізді-өзіңіз шектейсіз. Оның жақсы бір тәсілі бар. Ақымақ болыңыз. Сонда ешқандай мәселе болмайды”, – деп ақылымен бөлісті өнер иесі.

Screenshot_5.jpg

«Құдайдан кәрі қыздарға квота бөлінді-ау деймін«: Әділгерей тұрмысқа шыққан әріптестерін келеке етті
Музарт тобының әншісі Кенжебек тойда шашын жұлған ер адамды итеріп жіберді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу