Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын қозғады

Oinet.kz 19-07-2023 2769

Айтыскер ақын, психология ғылымдарының кандидаты Мұхамеджан Тазабек келіндерге енеге жағудың жолдарын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

“Ене мен келін қалай тату бола алады деген сұрақтар болады. Оның ешқандай “таблеткасы” жоқ. Олар тату болу үшін негізгі үш нәрсе керек. Біріншіден, сабыр керек. Сен немере әкелгенше, қадірің өткенше, бір-біріңе жақсылығыңды дәлелдегенше уақыт керек, ол үшін сабыр керек. Екіншіден, енеңді зерттеп, оған жағатын нәрселерден тезірек табуға тырысу керек. Оған ұнамайтын нәрселерден барынша қашу керек. Үшіншіден, кішкентай болса да сый-сияпат жасап, тамақтың тәттісі болса да енеңе қойып қой. Ол да әйел адам, өзіне назар аударғанды, сый-сияпатты қалап тұрады. Ол сенен жасы үлкен болғанымен, заты әйел. Келін ретінде енеге елеусіз болса да үздіксіз сыйлықтар жасауға тырысу керек. Немерелері тұра салып, әжесінің бетінен сүйетіндей, әжесі десе өліп тұратындай жағдай жасау керек. Неге? Өйткені әйел заты біреуге қалай қараса, оның қойнындағы баласы да солай қарайды. Шешесі елжіремесе, баласы елжіремейді. Шешесі суық болса, баласы да суық болады”, – дейді Мұхамеджан Тазабек.

Алайда желі қолданушылары ақынның бұл сөзіне қарсы шықты.

“Немере туып берсең де, жағымпаздансаң да жақпайсың”, “Ешқандай сабыр керек емес, ақша берсең ғана жақсысың”, “Осының бәрін неге келінге айтады?”, “Ешкім ешкімге міндетті емес”, “Ене келінге ұнау үшін жылы сөз айту керек, үндемей, сыйлық беру керек”, – деп жазды желідегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Muhamedjan Tazabek - ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)

«Мүшеқап сияқты лақтыра салдық»: Аслан Каженов
«Маған күн көрсетпеді, мені ұрды, тиран болды»: Маржан Арапбаева ажырасу себебін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу