«Сендерге не жағады өзі?»: Дариға Бадықова су тасқынына қатысты өзін сынағандарға жауап берді

Oinet.kz 15-04-2024 1402

Танымал ақтриса, кинопродюсер Дариға Бадықова су тасқынынан зардап шеккендерге "көмек бердің бе?" деп сұрағандарға жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_13.jpg

Өнер иесі әлеуметтік парақшасында арнайы жазба жариялады. Оның айтуынша, жасалған қайырымдылық туралы айтпау керек. Алайда көпшілік сұрағандықтан, көмегін жария етуге тура келген. 

"Сіз көмек бердіңіз бе?

Қайтейін айтпасқа болмады-ау.

"Сен көмек бердің ба" деген сөздерге жауап!!!

Жалпы көмек бергенді, қайырылымдылық жасағанды, айтпайтын еді. Сіздер қоймай айтқызып жатырсыздар!

Бердім!

Апат болсын, басқада жағдай болсын, пейілдің тарылғанынан, қара ниет болудан!.

Сол аңдып мынау аз-ақ беріпті, мынау бермепті деп отырғандар өздеріңіз бердіңіздер ме? Бізде жоқ қой деп тағы жоқтап шығасыздар! Садақаның құны жоқ қой, қанша берсеңде қолыңнан келгенді бересің. Сол айтып отырғандар өз туғандарына көмек беріп отыр ма екен?! Бір үйде бір бауырын көк есек қылып мініп алып өмір сүріп жатқанын міндет қылып отыр ма екен?!

Біреуге бірдеңе айтпас бұрын өзіңізге қарасаңыз өзіңізден-өзіңіз шошып кетесіз!

Қарапайым халық деп бөліне қаламыз.

Біздің айырмашылығымыз мамандығымызда. Сізде өз мамандығыңыздан нәпақа тауып күнде жұмысқа барып жүрсіз!

Біздікі де сол. Қарызға үлкен сома алып, оны екі есе қылып қайтарып, кино түсіріп, мемлекетке қомақты салық төлейміз.

Салық - халықтың ақшасы, сол ақшаны бердік. #Қайтардық

Өнер құдайдан келген сый!

Өнер адамдарының жиналып салған ақшаларын желіге жерден жеті қоян тапқандай жарысып салып әлексіздер. Жинамаса жинамады деп қарғайсыздар, жинаса жинағандарын күлкі етіп тағы сөгесіздер

Сендерге өзі не жағады?

Ұят болады.

Оданда ниетімізді түзейік!

Бәрін үкіметтен көріп отыра бермейік! Елдің көтерілуіне ат салысайық! Пейіл мен мәдениетіміз дұрысталса әлі көрер қызығымыз алда.

Көтеретінде халық! Қарғайтында халық! Жер қылатында халық!" - деп жазды актриса. 

«Кәрім Мәсімовтің бұрынғы көмекшісі»: Индира Елемес күйеуін алаяқ дегендерге үн қатты
«Ұяты болса төртіншіден тоқтайтын шығар»: Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шыға ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу