«Мектеп оқушысы мүшеқапты білуі керек»: Блогер Нағимуша жыныстық сауат пәнін енгізуді ұсынды

Oinet.kz 06-06-2024 381

Желі жұлдызына айналған блогер Нағимуша жыныстық сауат туралы сөз қозғап, оны мектеп пәні ретінде ұсынуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_38.jpg

Блогер Dop soz подкастында қонақ болып, жыныстық сауат мектеп оқушысына түсіндірілуі керек деген ой айтты. 

“Менің туып-өскен жерім – Өскемен өңірі. Шыны керек, орысқолды қазақтар көп тұратын жер ғой. Біз мектепте оқып жүргенде мүшеқаптың не екенін, етеккір қалай келетінін үйретті. Көбіне қыздарды жинап алып айтатын. Ұлдар ол жиналысқа қатыспайтын. Қазір бұл дұрыс емес екен. Қыздар білетін дүниені ұлдар да білуі керек. Мектепте ашық сабақ өтіп, ашып бәрін көрсеткен. Анам да менімен ашық сөйлесіп, білгенін айтып отыратын. Екеуміз “бала қалай пайда болады”, “Етеккір келгенде денедегі ағза қалай өзгереді”, “Мүшеқапты қай кезде қолданады” деген тақырыпта көп әңгімелесетінбіз. Кішкентай күнімнен ұят болады деген дүниелерді біліп өстім. Одан жаман болған жоқпыз. Мектепте де ашық айтылуы керек”, – дейді блогер. 

Сонымен қатар желі жұлдызы сүндетке отырғызуға қатысты пікірін де білдірді. 

“Қазір сүндетке отырғызудың да неше түрлісі шығып жатыр. Балаға сүндеттеуге бара жатқаныңды айту керек. Ата-аналар әлі күнге дейін “Саған ақша беретін жерге барамыз” деп алдайды. Бұл дұрыс емес. Медицинаның дамыған заманында сүндеттеудің теше түрі шықты. Бұрынғыдай әкесі мен ағасының жейдесін киіп жүретін бала жоқ. Сүндеттеп келгесін оны ағайындары көреді, балаға да жайсыз болуы мүмкін”, – деген пікір айтты Нағимуша. 

«Мальдив аралынан үй, қымбат машина керек емес»: Анара Батырхан қоғамның қысымына ұшырайтынын айтты
«Қазақ жігіттерінің жолы болған»: Мұстафа Сандал қазақ қыздарын жер-көкке сыйдырмай мақтады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу