«Өзім туғандай мәз болып отырмын»: Ninety one тобындағы Alem әке атанды

Oinet.kz 18-09-2024 956

91 тобының солисі Alem әке атанды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_11.jpg

Бұл қуанышты жаңалығын әншінің әйелі Вероника Жанғалова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Қолымыздан келді. Кеше ұлымыз дүниеге келді", - деп жазған ол. 

Желі қолданушылары мен топтың жанкүйерлері құттықтап, пікір қалдырған. 

"Бауы берік болсын!", "Өзім туғандай мәз болып отырмын", "Құтты болсын!" "Анасы тез қалпына келсін", "Кеше ғана өзім кішкентай жанкүйер едім, бүгін Alem-нің әке атанғанын көріп жатырмын. Неткен бақыт десеңші. Бақытты болыңыздар! Иглз сіздер үшін қуанышты! Бауы берік болсын!" - деп жазған олар. 

«Кететінін сездірді»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновті есіне алды
Димаштың ата-анасы болашақ келіні туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу