«Аман екеніңе шүкір»: Сырқаттанып қалған Төреғали Төрәлі төбе көрсетіп, оқырмандарын қуантты (ВИДЕО)

Oinet.kz 03-06-2025 338

Денсаулығы болмай, концертін кейін шегеріп, емделіп жүрген әнші Төреғали Төреәлі көптен бері төбесін енді көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_20.jpg

Әншіні оқырмандар қарындасы Фариза Төреәлінің желдегі парақшасына салған видеодан байқап, деніне саулық тілеп жарыса жазып жатыр. 

Жақында Фариза Төреәлі мен жұбайы Астанадағы жаңа пәтерінде қыздарының тұсаукесерін өткізген болатын. Жақын туыстары құттықтап келген, алайда сол кезде Фаризаның ағасы – Төреғали болмаған еді.

«Құрметті қонақтарымыз келіп, қуанышымызды бөлісті», – деп Фариза жариялаған видеода Төреғали Төреәлі отбасымен бірге қарындасының үйіне келгені түсіп қалған.

Әншінің жанкүйерлері оны көріп қуанышын жасырмады:

«Төреғали кіргенде қатты қуандым», «Аман жүрсін, ауырып қалмасын», «Оны көргенде көңілім орнына түсті», «О, Төреш, аман екеніңе шүкір», «Кірген сәтте-ақ үй іші жылып кеткендей болды», «Ақ Төрештің төрде жүргенін қалайтындар қатарынанбыз. Аман жүрсін!», «Қандай керемет тура ағамыз қайта оралғандай», «Машаллах, Төрештің әнін де өзін де сағындық қой», «Ооо, Төреш! Көрдік-ау аман-есен әйтеуір», «Түу, Төрешті көріп қуанып қалдық қой! Жаным аман болсыншы өзі қайда жүрсе де, қосағымен қоса ағарып», «Біраз ел қуанып қалатын болды ғой», – деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Fariza Toreali (@farizatoreali)

«Сол атақ бізге жетпей қалып жатыр ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жыл құжат тапсырып атақ алмағанын айтты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу