Сауран ауданында өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтерілді
Түркістан облысының Сауран ауданында өндіріс саласының мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіпорындардың жұмысын қолдау және еңбек адамдарының мүддесін қорғау мәселелері талқыланды.

Осы мақсатта «Әділет» партиясының Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарының сайлауалды штабы «Қазақстанның отыз жылдығы» ауылындағы «AQNIET HOLDING» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Еркін форматта ұйымдастырылған жүздесуге облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Алмас Салимов пен штаб мүшелері қатысты. Басқосу барысында партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы экономикалық даму бағыттары таныстырылып, өңірдегі өндірістік әлеуетті тиімді пайдалану жолдары сөз болды.
Алмас Салимов кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде өндіріс орындарын дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар экономикалық өсіммен қатар, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту мен олардың әлеуметтік мүдделерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері де өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Штаб мүшелері қойылған сауалдарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты


