Б.Байбек: «Шөкеев ең тәжірибелі әкімдердің бірі»

Oinet.kz 15-05-2020 27397

photo_320609.jpeg 

Су тасқынының салдарынан қазіргі уақытта уақытша эвакуациялық пункттерді паналаған мақтааралдықтарға көмек республиканың барлық дерлік аймағынан ағылып жатыр. Азық-түлік, киім-кешек, басқа да қажетті заттар арнайы қоймаларға түсіріліп,   пункттерге қажетіне қарай жөнелтілуде. Зардап шегушілерге түсіп жатқан ақшалай көмектер өз алдына. 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездесіп, Елбасының ақ тілегі мен сәлемін жеткізді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Елбасының тапсырмасымен осында келіп отырмын. Ертең оны баяндайтын боламын. Қай күйде екендеріңізді жақсы түсінемін. Аяқ астынан болған жағдай, аз уақыттың ішінде. Өмірзақ Естайұлы өзі Арыста болды, басқа да қиын жағдайларда. Елбасы тапсырмасы бойынша Түркістан қаласы салынып жатыр. Ең тәжірибелі әкімдердің бірі. Сіздер жалғыз қалмайсыздар. «Нұр Отан» халықтың партиясы болғандыктан, біз сіздермен біргеміз», – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Елбасының сәлемін естіген мақтааралдықтар бір марқайып қалды. Алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Су тасқынын болдырмау шаралары қарастырылуда
Вирусологиялық зертхана ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу