Вирусологиялық зертхана ашылды

Oinet.kz 15-05-2020 813

Screenshot_5.png

«Облыстық фтизиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ауруханаға түскен науқастар да бірден коронавирус инфекциясына тексеруден өткізілуде. Зертхана мамандары бұл әдісті жақсы меңгеріп, халыққа көрсетілетінмедициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда.

Туберкулез ауруына шалдыққан науқастар емделетін бұл ауруханада алдағы уақытта сондай-ақ 16 төсек орынға арналған пульмонологиялық бөлімше ашу жоспарлануда. Айта кетерлегі, емдеу мемесінде «Дезинфекциялау өткелі» орнатылған және күнделікті науқастар мен барлық қызметкерлердің дене қызуы тексеріліп отырады. Дәрігерлер тіпті онлайн режимде де диагностикалық кеңес беруді қолға алған.

Бұл Түркістан облысында ашылған үшінші вирусологиялық зертхана болып отыр. Зертханалар қауіпті індет вирусын анықтауға қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар, қызметкерлердің жеке қорғаныш киімдері және залалсыздандыру мақсатында қолданылатын антисептиктермен толық қамтамасыз етілген.


Б.Байбек: «Шөкеев ең тәжірибелі әкімдердің бірі»
Түркістанды газдандыру қызу жүріп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу