Аңсаған кәсіптің маманы болу үшін арманмен бірге талап керек

Oinet.kz 14-04-2023 440

«Дұрыс мамандық тандау – кемелдi болашақ кепілі» тақырыбы аясында Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Әл-Фараби академиялық мектебінің бітіруші сынып оқушылары арасында кездесу өткізді.

сайт 32 фото.jpg

Кездесудің басты мақсаты – мектептердегі жоғары сынып оқушыларын дұрыс мамандық таңдау бойынша ақпараттандыру, бағыт-бағдар көрсету болып табылады.

Кездесуге Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дефектолог-логопед маманы Мәлік Жанерке Ерланқызы мен Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Тулебаев Ермахан Рсалиұлы қатысты. Олар бірінші кезекте жастарға сұраныстағы басым мамандық түрлерін атап, өз мамандықтары жөнінде де сөз қозғады.

-Мен бала кезімнен өрт сөндіруші болуды арман еттім. Сол бала арманымнан адаспай, мектепті аяқтағасын өрт сөндіру мамандығына оқуға түстім. Бүгінде өз саламда күн-түн аянбай қызмет етудемін. Бұл мамандықты таңдағаныма мүлде өкінген емеспін. Дұрыс мамандық таңдау – өмірде маңызды рөл атқарады. Өрт сөндіруші өте жауапты мамандық. Бұл жерде батылдық пен кәсіби шеберлік қажет. Спорттық жағынан да әрдайым денені шынықтырып жүрген дұрыс. Өйткені бұл мамандық қызметкерлер шапшаңдықты төзімділікті талап етеді. Сол үшін үнемі физикалық дайындықта жүру мақсатында үнемі спорттық жаттығулар жасап жүремін. Сондықтан жастарға айтарым алға қойған мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету керек. Адам алдына нақты мақсат қойып соған жеетемін деп талпынса міндетті түрде арманы орындалады. Оған өзімнің өмір жолым анық дәлел. Ең бастысы үмітті үзбеу. Қандай қиындықтар болса да соны жеңуге талпыну керек. Сабыр мен еңбек арқылы адам өз дегеніне жетеді, - деді өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Ермахан Рсалиұлы.

Кездесу соңында оқушылар қонақтармен сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.


Мегаполис медицинасының әлеуеті жоғары
№1 Оңалту орталығының әлеуеті зор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу