№1 Оңалту орталығының әлеуеті зор

Oinet.kz 10-04-2023 160

Бүгінгі таңда қаладағы осы оңалту орталығында түрлі сал ауруына шалдыққан 18 жасқа дейінгі балалар емделеді. Емдеу мекемесінің төсек-орны 110 адамға есептелген. 100 төсек-орын жатып емделуге арналса, қалған онын күндізгі стационарда ем қабылдаушылар пайдаланады. Сонымен бірге 1 жасқа дейінгі науқастармен бірге ата-аналарына да үш мезгіл тегін ыстық тамақ беріледі. Ал бір жастан жоғары науқастардың ата-аналарына тек жататын төсек-орын ғана тегін. 

сайт 33 фото.jpg

Бастапқы кезде орталық 2018 жылдың қаңтар айында облысқа қарасты мекеме болып ашылған. Кейін Шымкент өз алдына республикалық қала мәртебесін алған соң сол жылдың қыркүйегінде жергілікті әкімдіктің қарамағына өтеді. Дегенмен орталық мегаполиспен бірге Түркістан облысының да науқастарына бірдей қызмет көрсете береді. Сондықтан мұнда шаһардан бөлек Түркістан аймағынан да балалар келіп емделік кетеді. 

Оңалту мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Мейрамгүл Алтаева орталықта 120 қызметкер жұмыс істейтінін және дәрігерлердің көпшілігі жоғары білікті мамандар екенін айтып өтті. Сондай-ақ балалар оңалту орталығына жергілікті емханада порталға қойылып болсан соң келе алады. Және науқастың ауру дәрежесіне қарай жылына бірнеше рет ем қабылдайды.  

«Бұл жерде тірек-қимыл қозғалысы бұзылған, церебральді сал ауруынан жұту, шайнау қызметтері нашарлаған және тіл мүкістігі бар балалар мен жасөспірімдер емделеді. Науқастарға негізінен медициналық және педагогикалық, коррекциялық емдеу түрлері қолданылады. Оларға ортопед-травматолог, неврапотолог, дефектолог, психолог, физиотерапевт және реабилитолог сияқты жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсетеді. Орталықтың басты ерекшелігі – мұнда дәстүрлі емдеу шараларымен бірге заманауи медициналық оңалту тәсілдері де қатар жүргізіледі» деді бас дәрігердің орынбасары.

№1 оңалту орталығы коммуналдық-қазыналық кәсіпорны мен Өзбекстанның республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-тәжірибелік медицина орталығы арасында жуырда меморандумдық келісім жасалды. Оңалту орталығының бас дәрігері Н.Тоқбергенов пен делегацияны бастап келген өзбекстандық емдеу ұйымының директоры Б.Аляви аталған құжатқа қол қойды.


Аңсаған кәсіптің маманы болу үшін арманмен бірге талап керек
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға таптырмас ем
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу