Бизнес жүргізуге ең қолайлы өңір

Oinet.kz 13-04-2023 332

Шымкент қаласында өндірісті дамыту бағытында мемлекеттік жоба мен бағдарламалар аясында түрлі жұмыстар мен бастамалар қолға алынып келеді. Соның нәтижесінде мегаполистің өндірістік әлеуеті жылдан-жылға ұлғаю үстінде. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарының ашылуына және халықтың кәсіпкерлікке бет бұруына үлкен септігін тигізіп жатыр.

сайт 42 фото.jpg

2018 жылы Шымкент республикалық мәні бар мегаполиске айналды. Сол кезден бастап қала тарихында өрлеудің жаңа кезеңі басталды. Бүгінгі таңда шаһар еліміздегі тұрғын үй құрылысы қарқын алған, инфрақұрылымы жақсарып келе жатқан, басқа да көрсеткіштер бойынша өсудің оң нәтижесін көрсетіп отырған қалаға айналып келеді. Нақты мысалға көшсек 2020 жылы Шымкент инвестиция тарту мен оның көлемі жағынан республикадағы төменгі орындардан жоғары көтеріліп, бүгінде еліміздегі инвестиция саласы бойынша ең алдыңғы орындардың бірінде тұр. Екі жылдан бері өңірлердің ай сайынғы рейтингінде жоғары сатыдан түспеген. Өткен жылы қала экономикасына 1.2 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылған. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебековтің айтуынша мегаполистің инвестициялық тартымдылығы трансұлттық корпорациялармен жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың нәтижесінде болып отыр. Мәселен шаһарда Германияның Heidelberg, Польшаның Santo Polpharma және Оңтүстік Кореяның LOTTE секілді ірі компаниялары жұмыс істеп жатыр. Ендігі кезекте түрік ағайындар Coca Cola сусынын шығаратын ал, поляктар Selena құрылыс материалдары зауытын салмақ ниетте. Өңірге инвестицияның ағылып келуі жалпы өндірістік әлеуетке де оң әсерін тигізген. Айталық өткен жылы қала кәсіпорындары 2.1 млрд теңгенің өнімін өндірді. Сонымен бірге 110 мың бизнес өкілдері еңбек етеді. Екі мыңға жуық шетелдік кәсіпкерлермен бірлескен компаниялар бар. Осы жетістіктерді елеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың желтоқсан айында қала әкімі Мұрат Әйтеновке «Бизнес жүргізуге ең қолайлы өңір» рейтингтік санаты бойынша арнайы жүлде табыстады. 


«Ташкент шайының» Отаны Шымкент
Индустриалды аймақтар ұлғайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу