Металлургия саласы өркен жаймақ

Oinet.kz 10-04-2023 177

Статистикаға көз жүгіртсек, жыл сайын Қазақстанға 50 млрд доллардың дайын өнімі импортталады. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі басқа мемлекеттерді қосқанда бұл көрсеткіш 290 млрд долларға тең. Ал ғылыми-техникалық саладағы нарыққа қажетті инвестиция 25 млрд долларды құрайды. 

металургия.jpg

Ал шаһарға жыл сайын сырттан 1.2 млрд доллардың дайын өнімі келеді. Сондықтан оларды отандық тауарлармен алмастыру міндеті тұр. Бұл орайда өнеркәсіпті өркендетуге өңірдегі ішкі нарық, ресурстық-шикізаттық база және логистикасы мен сапалы мамандар дайындау арқылы адам капиталын қалыптастыратын жоғары оқу орындары толық мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда мегаполисте өңдеуші кәсіпорындарға сұраныс әлі де басым. Бұл инвестициялық жобаларды мемлекеттік даму инститтутарының көмегімен жүзеге асыруға болады. Мәселен керамикалық тақтайша, санфаянс, шатыр жабындылары, лакты-бояулар, пластмасса құбырлары, сэндвич панельдер, жарықтандырушы құралдар, жылу радиотарлары, кабельдер және басқа да тұрмыстық бұйымдар өндірісі қажет. Осы жобаларды қолға алған инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Айталық әкелетін құрал мен техникаға кедендік салық алынбайды, қосымша құн салығынан босатылады, сондай-ақ өндіріс ошағын салуға жер учаскесі беріліп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Инвесторларға металлургия саласында да мүмкіндік көп. Өйткені Қазақстанда әлемдік хром кені қорының 30 пайызы, марганецтің 25 пайызы, темірдің 10 пайызы шоғырланған. Сонымен бірге елімізде жыл сайын 40 млн тонна алғашқы алюминий өндіріледі. Сол себепті алдағы уақытта созба сым, алюминий табақтарын, қалбырдың алюминий таспаларын, радиаторлар, терезе мен құрылыс конструкцияларына және түрлі ыдыстарға арналған алюминий профильдерін шығаратын жобаларды іске қосу жоспарланып отыр. Өзіміздің қорғасын мен мыстан дайын өнімдер шығару жоспары да жоқ емес. Осы ретте Шымкенттің металлургия саласы бойынша жалпы өндіріс көлемі жылына 80 млн долларды құрайды. Ал машинақұрыстыру өнеркәсібінде 90 млн доллардың өнімі шығарылады. 


Индустриалды аймақтар ұлғайып келеді
Инвестиция – игілік көзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу