Инфрақұрылым жүйелері қатар тартылуда

Oinet.kz 20-04-2023 294

Бүгінде 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ елдімекеніне бір мезетте су, жарық, газ құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде тұрғындар биыл электр желісімен қамтылып, сапалы ауыз суға қол жеткізеді. 

сайт 76 фото.jpeg

Нақтырақ айтсақ, маусым айынан бастап 70 шақырымдық электр жүйесінен 3 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатына қосыла бастайды. Қазірдің өзінде жарықтандыру жұмыстары 95 пайызға аяқталған. 

Ал жыл соңына дейін елдімекенге ауыз су құбырлары тартылып, жергілікті тұрғындар сапалы тіршілік нәріне қол жеткізеді. Сондай-ақ көшелерге табиғи газ құбырлары жүргізілуде. Нысан келесі жылға өтпелі.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары  әзірленді. Жобаларға сараптама қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлінді. 

Жалпы, қалада 81 елді мекен болса, соның 41-і кезінде Түркістан облысының аудандарынан мегаполиске өткен ауылдар. Қала әкімдігі алдымен инфрақұрылым мәселесін түбегейлі шешіп алудың қамына кірісіп, магистралды газ, су құбырлары тартылды.

Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20 елді мекені (77%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

2023 жылы 3 елді мекенге яғни Асар-2, Қайнарбұлақ т.а Нұршуақ мөлтек ауданына табиғи газ беріледі. Ал, 2024 жылы Ынтымақ-2 Қайнарбұлақ саяжайы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Тәуелсіздікке 20 жыл аумағы табиғи газбен қамтылатын болады. 2024 жылы аудан бойынша табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.

Қайнарбұлақта жалпы көше саны 47. Былтырғы мәлімет бойынша оның 3-і асфальтталған, 39 көшеде шағал тас, 5 топырақ жол. 2023 жылғы жоспарға сәйкес 16 көше (10,6 км), 2024 жылы 13 көше, 2025 жылы 15 көше жөнделіп, асфальт төселеді.

Қалалар қай кезде де адамзат өрке¬ниетінің күретамыры саналып келді. Мега¬полис болған соң ол жерде ғылым да, мәдениет пен экономика да қарыштап дамиды. Ал бұл жағдайда ірі қаланы шеткі аймақтарымен қоса өркендету маңызды. Сондықтан да бүгінгі таңда мегаполистің орталық аудандарынан шетте өмір сүріп жатқан тұрғындарды өзінің нағыз қала азаматы екенін сезіндіруге барынша көңіл бөлініп, жағдай жасалуда.


Инфрақұрылым жүйелері қатар тартылуда
Тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру индикаторы бекітілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу