Тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру индикаторы бекітілді

Oinet.kz 20-04-2023 285

Шымкентте «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасының негізінде қаламыздағы тұрғын үйлердің жалпы аумағын ұлғайту мақсатында тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру жоспары (индикатор) бекітіліп, оның орындалуын қадағалау басқармаға жүктелген. 

сайт 77 фото.jpg

Бұл тұрғын үйлердің басым бөлігі қаланың аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес, солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Шым Сити, Тұран, Әкімшілік іскерлік орталығы, Бозарық шағын аудандарында орналасатын көпқабатты тұрғын үйлер есебінен жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі жалпы құрылыс көлемінің ұлғаюына септігін тигізіп, Шымкент қаласы өткен жылы республика көлемінде аталған көрсеткіш бойынша 3-орыннан көрінді. Өткен жылы шаһарда 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде, жеке құрылысшылар есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй бар.

Тіпті ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу мақсатында тұрғын үй сертификаттары қарастырылған. Биыл баспанаға мұқтаж азаматтарға қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қайтарымсыз негізде 300 млн. теңге тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланып отыр. Басты талаптары мен өтініш қабылдау туралы хабарландыру алдын-ала жарияланатын болады.

Тұрғын үй сертификатын алуға мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілері үміткер бола алады.



Инфрақұрылым жүйелері қатар тартылуда
Шымкент қаласында үш айналма жол салу жоспарлануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу