Мәдениет мамандары тазалыққа атсалысты

Oinet.kz 25-04-2024 119

«Жасыл аймақ» акциясы Еңбекші ауданында ұйымдастырылды. Бүгінгі жиын ТЭЦ 3 аумағанда санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарымен жалғасты. 

Screenshot_20.jpg

- Бірнеше апта бұрын басталған еліміздегі Таза Қазақстан акциясы Шымкент қаласында қарқынды түрде жүргізілуде. Экология және табиғи ресурстар департаментінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласының экология департаментінің ұйымдастыруымен және Еңбекші ауданы әкімдігімен бірлесе отырып аудандағы жер телімдерінде қоқыс нүктелері анықталған. Осы бойынша жұмысшылар тобы жұмылдырылды. Барлық аумақ тазартылды,-дейді Шымкент қаласы экология департаментінің басшы орынбасары Сабыр Балыбек.

Бүгінгі тазалық жұмыстарына «Интеко» ЖШС-нен 5 техника, 60 қызметкер қамтылған. Ал, «Шымкент цирк» ұжымынан 10-ға жуық мамандар өз үлестерін қосуда.

Игi icтен ешқайсымыз шет қалмауымыз керек
Шымкентте “Өткенге құрмет - бүгінгі міндет” тазалық акциясы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу