Түркістан – түркі әлемінің келіссөз орталығы
23-04-2025
Мемлекет басшысы Жолдауында денсаулық саласына ерекше басымдық берген болатын. Бүгінде Түркістан облысында республикалық бюджет есебінен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 денсаулық нысанның құрылысы жоспарланған.
Оның бірқатары желтоқсан айында пайдалануға берілді. Ал Сарыағаш ауданына қарасты 3 елді мекенінде, атап айтқанда: фельдшерлік-акушерлік пунктерінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Аудан басшысы Арман Абдуллаевтың айтуынша соның бірі Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Қарабау елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы жалғасуда.
- Президентіміз денсаулық саласының жақсаруына, олардың заман талабына сай жабдықталуына, арнайы құралдармен қамтылуына, ең бастысы білімді мамандарды тартуды тапсырып отыр. Жалпы медицина қызметкерлері үшін ең басты қағида – адамгершілікті, ілтипатты, мейірімділікті, жалпы этика талаптарын сақтай білу керек деген қағида бар. Бір кезбері төредей күтіп сыйлаған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің бұл күнде ел арасындағы абырой-беделі, құрметі әжептәуір төмендеп кеткендігі жасырын емес. Оны әлеуметтік желідегі түрлі жазбалардан, баспасөз беттеріндегі халықтың шағым-арыздарынан көріп, оқып жүрміз. Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформаларды ойлап тапқандарды осыған кінәлап жататындар аз емес. Дегенмен, күндіз-түні науқастарының жағдайын жақсарту үшін тынбай еңбек етіп, әрі пациентінің ауру тарихын толтырып, қайтсем көмектесем деп жүрген дәрігерлер де аз емес.
Әрине, ақ халаттының, жалпы орта буын медицина қызметкерлерінің адам баласының денсаулығының сақшысы екенін қас қағым сәтке де ұмытуға ешкімнің қақысы жоқ. Ішкі мәдениеті үйлескен дәрігер мен медбикелер ғана сырқат жүрегіне жол тауып, адам жанының арашасы бола алады. Тән жарасы мен жан жарасының шипагері бола білген адам ғана нағыз дәрігер, мейірбике деген атқа лайық. Дегенмен, кейде кейбіреулер ауруханаға жату тәртібіне мойын ұсынғысы келмей, портал жолымен емханаға барып, тексеру-талдаудан өткісі келмей, жүруге ерініп, дәрігерлерді кінәлап, ар-намысына тиіп жатады. Әрине, мұндай жағдайда, арнайы құқық қорғау орындарына шағымданып, өз ар-намысыңды өзгеге таптатпай, ақталып шығуға болады. Бірақ осы қажет пе? Әрине, қажет емес. Әркімнің санасы мен деңгейіне сай әрекеті бар ғой деп қана қоя салуға мәжбүр боласың. Ал біздің аудан дәрігерлері осы талаптан көрініп, өз істерін жауапкершіліпен атқарып, ел құрметіне бөленгенін күнделікті көріп жүрміз, - дейді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Аудан басшысы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Қарабау елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысын өзі жіті бақылауына алған. Құрылыс басына барған кезде де мердігер компания тарапынан кеткен кемшіліктерді тездетіп орнына келтіруді тапсырды. Жалпы бұл округтегі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары биыл басталған. Оның құрылыс жұмысын «EMAAR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, ғимарат қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауда. Сонымен қатар, медициналық ғимарат ауласына абаттандыру, ретке келтіру жұмыстары атқарылуда.
- Бүгінде аудан аумағында көптеген құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы басты назарда. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындар орталыққа бармай-ақ, алғашқы медициналық көмекті осы медициналық мекемеден алатын болады. Сондықтан жауапты бөлім басшысына және мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы жүргізуді, қажетті құрал-жабдықтардың сапасына аса мән беріп, сапалы құралдар және техникамен жабдықтау қажеттігі қатаң ескертілді,- деді аудан әкім Арман Абдуллаев.