Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды

Oinet.kz 23-12-2024 77

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше басымдық берген. 

Screenshot_34.jpg

«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым. Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады», - деп Жолдауда атап өткен Президеттің бұқаралық спортқа деген көңілін аңғару қиын емес.   

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, Түркістан облысында соңғы жылдары бұқаралық спорт түрлері жақсы жолға қойылып, жедел дамып келеді. Жалпы өңірде 29 олимпиадалық, 34 ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері дамуда. Биыл Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионаттарынан 106 медаль, Азия чемпионаттарынан 214 медаль жеңіп алған. Ал дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 16 алтын, 10 күміс, 5 қола медаль олжалаған болатын. Бұл түркістан спорты үшін үлкен жетістік.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп, депутаттардың да бұл салаға көбірек көңіл бөлгенін қалайтынын Жолдауында аңғартқан болатын. Біз де өңірімізде спорттың дамуына барлық жағдай жасауға дайынбыз. Өздеріңіз жақсы білетіндей, биыл Түркістан облысының спортшылары әлем чемпионаттарынан 106 медаль, Азия чемпионаттарынан 214 медаль, дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 16 алтын, 10 күміс, 5 қола медаль олжалаған болатын. Бұл біз үшін үлкен табыс. Үлкен жетістік. Енді, міне, жаңа жыл қарсаңында Түркістанда Сейдней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріліп отыр. Қайталап айтар болсам, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа  Жолдауында спорт саласын дамыту міндетін жүктеді. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет екенін айтты. Осы бағытта Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлінуде. Өңірде 3500-ден астам спорт нысаны бар. Биыл 11 айда облыста 10 ірі спорт кешені пайдалануға берілді. Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері шаһарда «Түркістан-Арена» стадионы, «Olympic Center» спорт кешені, «Теннис орталығы», «Мұз сарайы» ғимараттары пайдалануға беріліп, спортшыларымыз тыңғылықты жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда ескек есу каналы мен халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұның бәрі – спорт саласына жасалған қамқорлық әрі үлкен қолдау. Ал бүгін қазақ халқының даңқты перзенті, Түркістаннан шыққан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ел игілігіне берілуде. Түркістан өңірінде чемпионның атын ұлықтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жаңа ашылған спорт кешенін де ел перзентіне лайықты құрмет деп білеміз. Біз спортты дамыту бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз, – деді Дархан Сатыбалды. 

Бұл нысанның құрылысына Түркістан облысы әкімдігі тарапынан 2,7 миллиард теңге қаралған. Ал «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорынан технологиялық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге, ішкі әрлеуге, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 500 миллион теңге бөлген. Ғимараттың жалпы ауданы – 7248 шаршы метр, жалпы жер ауданы – 1,8 гектарды құрайды. Спорт кешенінде бокс, қазақ күресі, грек-рим, еркін күрес, әйелдер күресі, таеквондо, каратэ, үстел теннисі және ойын спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік бар. 300-ден астам жанкүйер сыятын көрермен залы, жаттығу залдарымен қамтылған. Республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге болады. 

Жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына бапкерлер мен спортшылар және спорт ардагерлері, сондай-ақ Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова қатысты. Спортшының анасы игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын айтып, аймақта «чемпионның ізбасарлары көбейе берсін» деген тілегін жеткізді. Ал «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов та жаңа ғимарат чемпиондарды даярлауға үлесін қосатынын атап өтті. 

Сарыағаш ауданында медициналық нысандар құрылысы аяқталып, жабдықталуда
Түркістан облысында балық шаруашылығымен 224 кәсіпкер айналысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу