Саңырауқұлақ теруге шыққан әйелдің мәйіті табылды

Oinet.kz 16-10-2019 944

Похожее изображениеРудный қаласында орман алқабынан саңырауқұлақ теруге шыққан 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Медициналық-сауықтыру орталығы аумағындағы бұталардың арасынан зорлықпен өлтірілген әйелдің денесі табылды. Қылмысты ашу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Полиция жәбірленушінің таныстарынан жауап алып, қажетті жедел іс-әрекеттерін жүргізді. Нәтижесінде кісі өліміне жәбірленушінің досы мен оның жұбайының кінәлі екені анықталды», - деді Рудный қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Әліманов.

Іс деректерінде көрсетілгендей, үшеуі саңырауқұлақты теруге шыққан. Олар орман алқабында ішімдік ішкен. 

«Ер адам жұбайының кеткенін пайдаланып, 47 жастағы әйелге пышақ жұмсаған. Жәбірленуші дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті көз жұмған әйелдің киімдерін өртеп, бағалы заттарын өзімен алып кеткен», - деді Руслан Әліманов. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні Мендіқара ауданы Володаровка ауылынан ұстады. Ол 25 жаста.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұрын істі болған азаматқа кәсіп ашу үшін 2 500 000 теңге берілді
Қырғызстанға баратын қазақстандықтар үшін шекарадан өту жеңілдей түседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу