Алматыда соңғы үш жылдан бері алты әйел адам жынысын ер адамға ауыстырған

Oinet.kz 18-10-2019

Соңғы үш жылда он алматылық жынысын ауыстырған -

Сурет tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда 2017 жылдан бері 10 адам жыныс ауыстыруына байланысты жаңа куәлік алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Қалалық әділет департаменттің ресми өкілі Әсемгүл Батыргерееваның айтуынша, жынысын ауыстырған он адамның ішінде төрт ер адам жынысын әйелге, ал алты әйел адам жынысын ер адамға ауыстырған. 

Сондай-ақ, департаменттегілер жыныс ауыстырғандардың құжат алу тәртібін айтып өтті.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 257-бабының 13-тармағында жыныс ауыстыру тәртібі көрсетілген. Жеке куәлікті ауыстыру үшін АХАЖ бөліміне барып, жыныс ауыстырғаны туралы акт толтыру қажет", - дейді Батыргереева. 

Айтуынша, жыныс ауыстырғанда жаңа құжат алу уақыты әдеттегі құжат алу уақытымен бірдей.

Қостанайда барлық өзен-көлдерде балық аулауға тыйым салынды
Шымкенттік прокурорлар полиция заңсыз ұстаған 21 адамды босатқан

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×