Білім министрі: «Мектеп оқушыларының 95,4 пайызы жаңартылған мазмұнға көшті»

Oinet.kz 21-10-2019 904

Картинки по запросу асхат аймагамбетов

Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының 95,4 пайызы жаңартылған мазмұнға көшкенін мәлім етті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мектеп оқушыларының 95,4 пайызы жаңартылған мазмұнға көшті. Мұғалімдердің 94 пайызы жаңа жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өтті. Жекелеген курстар ауылдық және шағын жинақты мектептер үшін қарастырылған», - деді министр Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдардағы бағдарламаның іске асырылуын талқылау барысында. 

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қамтылды. 273 мың мұғалім (94%) жаңартылған оқыту бағдарламасы бойынша дайындықтан өтті және жаңартылған мазмұн бойынша сабақ бергені үшін үстемақы алады.

Қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасы бойынша алшақтықты қысқартуға ерекше назар аударылады. ОЖСБ-2019 нәтижесінде қала-ауыл алшақтығы 11-сыныпта 7,3%-ға қысқарған (2018 ж. – 11,8%). 

«PIRLS-2016 зерттеуінде (бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасы) қазақстандық оқушылардың орташа балы 536-ны құрады. Бұл Қазақстанға 50 елдің ішінде 27 орын алуына мүмкіндік берді. Бұл нәтижені Германия, Канада, Австрия және Словакия Республикасындағы құрдастарының көрсеткіштерімен сәйкес келеді», - делінген министрлік ақпаратында. 

Қазақстандық білім берудің негізгі ресурсы жоғары білікті педагогикалық кадрлар болып табылады. 2018 жылы күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің 54,5 пайызының (157 944 адам) бірінші және жоғары санаты бар. Педагогикалық корпусты жас мамандармен толықтыру 3,5 пайызды құрады.

Гүлмира Исимбаева: «Балабақша қызметкерлерінің 40 пайызында арнайы білімнің жоқтығы алаңдатады»
2020 жылдың соңына дейін барлық ауыл мектептері интернетпен қамтамасыз етіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу