Ақтөбеде жат ағымда жүргендер 57 қылмыс жасаған

Oinet.kz 05-11-2019 1060

Screenshot_4.jpg

Жыл басынан бері жат ағым жетегінде жүргендер 57 қылмыс пен 400-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық жасаған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме берген Oinet.kz.

«Қылмыстық істердің 13-і діни, 30-ы көші-қон, 11-і салық саласына қатысты құқықбұзушылық кезінде тіркелді. Мәселен, қала тұрғынын тінту кезінде 10 діни кітап табылды. 

Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 453 бабы 4 бөлімі бойынша оған 252 мың теңге айыппұл салынды. Жат ағым жетегінде жүргендер дінді жамылып, қылмыс жасайды, ұрлыққа, адам өлтіруге барады. 

Қарақшылық шабуыл жасағандары да бар. Мәселен, қала тұрғыны ашық түрде телефон ұрлап алды. Жедел іздестіру кезінде 23 жастағы дестуктивті ағымда жүрген күдікті ұсталды. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотталушы өз жазасын алды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Ақтөбе полициясы 21 жастағы жігітті атып, мерт қылған қала тұрғыны да жат ағымда жүрген күдікті деп есептейді. 

«Тағы бір дерек бойынша 31 жастағы күдікті қазан айында қала түрғынынан 340 мың теңге ұрлап кеткен. Күдікті дереу ұсталды. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ол да деструктивті ағымда жүрген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Көкшетауда 31 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап, мерт болды
92 мың теңгенің түскі асын ішіп, қашып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу