Шымкентте мектеп оқушысы сабаққа тапанша алып келген

Oinet.kz 29-11-2019 858

Жеткіншек рейдтік іс-шарасының кезінде ювенал полицейлер 9-сынып оқушысының сөмкесінен травмат тапаншасын тауып алған, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу тапанша

«25-30 қараша аралығында "Жеткіншек" рейд іс-шарасы өтеді. Бұл шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу. Рейд кезінде 25 қарашада мектеп оқушысының сөмкесінен тапанша табылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады әл-Фараби аудандық ювенал полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Батырхан Әлиев.  

Мектеп оқушысы әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол тапаншаны сыныптасынан алғанын және оны мектепте қайтарып беруге келгенін айтқан. 

Геннадий Головкин соңғы онжылдықтағы үздік айқастар тізіміне қосылды
«Түркістанның рухани керуенінің» жалғасы киелі шаһарда өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу