Қала әкімі Рашид Абатұлы тасымалдаушыға халық наразылығын жеткізді

Oinet.kz 06-01-2020 893

Screenshot_11.jpg

Қала әкімдігінде өткен жаңа жыл басындағы алғашқы апталық жиында қаладағы қоғамдық көліктерде тасымалдаушы компания «Жолаушы» ЖШС-нің атқарушы директорына тұрғындар тарапынан түсіп жатқан шағымдар айтылды. Рашид Абатұлы талаптардың келісім шарт бойынша жүзеге аспағанын қатаң ескертіп, қысқа мерзімде барлығын келісімшарт және заң аясында жүргізуді талап етті.

Сондай-ақ, жер мәселесі бойынша электрондық қызметті қосу, өңірлік шаруа қожалықтарының жұмысын қолдап, сол бойынша жәрмеңкелер өткізуді жандандыру, туризм, білім және автоматтандыру бойынша да нақты тапсырмалар берді. (Толығырақ мына сілтемеде) 

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік саласындағы 2019 жыл қорытындысы бойынша орындалу барысы және 2020 жылға жоспар, сондай-ақ, 2019 ж. бюджеттің игерілу мәселелері талқыланды.

Ердос Қанаевтың тұңғыш ұлы көз жұмды
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу