Шымкенттің жаңа әкімі неге интим қызмет ұсынатын қыздардың қасында тұр?

Oinet.kz 23-01-2020 1728

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов

Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған бір жарым жылдың ішінде Шымкентке үшінші әкімнің тағайындалуы көпшілік үшін күтпеген жағдай болды.

Үшінші мегаполиске Әбдірахымов 1 жыл 1 ай әкім болса, Айтахановтың дәурені алты айға да жеткен жоқ. Ал оның орнын басқан Мұрат Әйтеновтың қанша жыл, бәлкім қанша ай әкім боларын тек бір Алла ғана біледі?

Жалпы алғанда, енді тікелей елордаға бағынады, үлкен мегаполиске айналады деген Шымкентте әкімнің қайта-қайта ауыса беруі оның мәртебесіне әжептәуір соққы болып тигені айтпаса да белгілі.   Жарты жыл сайын әкім ауыса беретін қалада қандай береке болуы мүмкін? Қазір елдің аузында әңгімелер осыған саяды.  Бәлкім мұндай берекесіз әңгімелердің шығуына жаңа әкім Әйтеновтың беймәлім, танымал емес тұлға болуы да әсер етіп жатқан шығар. Егер мегаполиске  Өмірзақ  Шөкеев, Асқар Мырзахметов сияқты іскерлігін ел мойындаған әкім тағайындалғанда мұндай әңгімелердің туындамасы айдан анық еді ғой.

5fa88afc-4f1c-4224-9b4e-a44e69cfaf69.jpg

Caravan.kz сайтынан

Әйтеновтың Шымкент қаласына әкім болып тағайындалғаны туралы жаңалықты ақпарат құралдары әртүрлі беріп жатты. Бірі оны басты жаңалыққа шығарды. Енді бірі елеусіздеу қалдырды.  Ал,  эротикалық сипаттағы, ашық-шашық қыздардың  суреттерін жариялауға құмар, осындай бағыттағы материалдарымен аты шығып жүрген «Караван» басылымының сайты тіптен қатырып жіберіпті. Сайтта Әйтеновтың әкім болғаны туралы материал, жаңа әкімнің суретімен бірге интимдік қызмет ұсынатын қыздардың суреті жарияланған жарнамалық материалдың қасынан табылыпты. Сонда бұл қалай?

Бәлкім, бұл барлық смартфонда олай емес шығар? Бәлкім біздің ұялы телефонымыз ғана ұятсыз шығар. Ал бұған Мұрат Әйтеновтың түк те қатысының жоқтығы айтпаса да түсінікті ғой. Мүмкін бұған сайт әкімшілігінің де кінәсі жоқ шығар. Танымал режиссер Леонид Гайдайдың атақты «Бриллиант қол» фильмінде жартылай жалаңаш жүргенді ұнататын кейіпкер бикештің сөзімен айтқанда «Ешкім кінәлі емес».

Бірақ мұндай сипаттағы жарнамалардың Әйтеновтың қасынан шығып тұрғанын көрген жұрт не дейді? Бұл нені білдіреді? Елге беймәлімдеу әкімді танымал ете түсу ме?

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды
Шөкеев әкімдерден есеп алуды бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу