Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны терезе арқылы концерт қойды

Oinet.kz 19-03-2020

Еліміздің бас шаһары Нұр-Сұлтанда қала тұрғыны үйінің терезесінен тегін концерт берді. Осылайша, өнер иесі коронавирус қатерінен құлазыған көршілерінің көңілін көтеруді ойлаған,  деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

aab53647-2c8b-471d-b42a-8a6e2340ae5c.jpg

Өнерлі тұрғынның концертінен үзінді Instagram әлеуметтік желісіндегі vastane.kz парақшасында жарияланған.

Видеодағы жазбада ән кешінің кеше, кешкі сағат 21:00-де болғаны жазылған. Концертті жеті адам алдыңғы қатарлардан тамашаласа, басқа тыңдармандар үйлердің балкондары мен терезелерінен көрген.

Видео жарияланған уақытта қала карантинге жабылмаған еді. Ал бүгін астанада карантин режимі іске қосылды.

Еске сала кетсек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары коронавирусқа байланысты толықтай карантинге жабылды.

Қаладан шығатын жолдарда бөгеттер тұр, барлық келушілер тепловизорлармен тексеріледі. Алматы полициясы басшысының сөзінше, адамда жоғарғы дене қызуы анықталса, ол қалаға кірмейді.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 37-ге жетті
Өзінің 20 сиыры бар ауыл тұрғыны біреудің 11 сиырын ұрлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу