31 наурыздан бастап Шымкентте шектеу енгізіледі

Oinet.kz 31-03-2020 850

31 наурыз сағат 21.00-ден бастап Шымкентте қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов видеоүндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, енді қалаға көліктерге шығуға және кіруге тыйым салынады. Сондай-ақ, Шымкент тұрғындары маска тағып жүру міндеттеледі.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУДЕ ..."Бүгінде әкімдік коронавирустың алдын алу мақсатында барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Алайда бұл жеткіліксіз. Тұрғындар санитарлық және шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауы керек. Отбасылық және діни іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Әкімдік бірінші қажеттіліктегі тауарлардың тапшылығын алдын алу мақсатында барлық шара жүргізіп жатыр", - деді қала әкімі.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асты
Коронавирус инфекциясын таратуы мүмкін үйсіз азаматтар іздестірілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу